QazaqGaz және TAPLine бірлескен кәсіпорындарды әлемдік деңгейде ілгерілетуге келісті
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов пен TAPLine Директорлар кеңесінің Төрағасы Мэн Сяндун болашақ ынтымақтастық әлеуетін талқылады. Атап айтқанда, тараптар бірлескен кәсіпорындар – «Азия газ құбыры» ЖШС мен «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС әлемдік деңгейде ілгерілетуге келісті.
Сондай-ақ тараптар газ тасымалдау жүйесінің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын одан әрі дамыту мәселелерінде еншілес ұйымдарды басқару жүйесін жетілдіру үшін халықаралық стандарттарды енгізуге келісті.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар көп жылғы жемісті ынтымақтастық үшін ризашылықтарын білдіріп, болашақта бірлескен жұмысты одан әрі тиімді етуге уағдаласты.