QazaqGaz және Petromal газ кен орындарын игеру, жер қойнауын геологиялық зерттеу және газ өңдеуді дамыту бойынша ынтымақтастық орнатуға келісті

QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және Petromal Sole Proprietorship L.L.C бас атқарушы директоры Эйас Аломуз өзара серіктестік орнату туралы меморандумға қол қойды. Келісім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында жасалды.
Аталған құжат аясында тараптар газ кен орындарын бірлесіп өңдеу, еліміздің жер қойнауын геологиялық зерттеу, сонымен қатар газ өңдеу зауыттарының құрылысы аясында серіктестік орнатады.
Меморандум еліміздегі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында маңызды тетікке айналады деп күтілуде. Сонымен қатар, тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға және Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты инвестициялық және технологиялық алмасу көлемін арттыруға негіз болады.

Анықтама:
Petromal – экономиканың өңдеуші және өндіру секторына бағытталған БАӘ интеграцияланған мұнай-газ компаниясы. Барлау мен өндіруден басқа, компания мұнай сервистік қызметтерін көрсетеді. БАӘ және MENA аймағында тәуелсіз жеткізуші ретінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания өзінің еншілес компаниясы арқылы ЕРС секторында жұмыс істейді.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye