Экология

Құжаттар

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС экология сасатының мақсаты корпоративтік Экологиялық саясатын және табиғат қорғау қызметін басқарудың тиімді жүйесін тұрақты дамытуда. Табиғи газ барлық қазба энергия көздерінің ішіндегі қоршаған ортаға ең қолайлысы. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мәселелерінде корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін тұрақты негізде қолдайды, сонымен қатар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС компанияның Экологиялық менеджмент жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін көрсетеді.

Экология саласының негізгі міндеті 

қоршаған ортаны қорғау саласындағы басым міндет – қоршаған ортаға теріс әсерді үздіксіз азайту, сондай-ақ ең ең жақсы қолжетімді технологияларды пайдалану арқылы өндірістік қызмет көрсеткіштерін үнемі жақсарту. Жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес болу мақсатында «БШГҚ» ЖШС ISO 14001:2015 стандарттарына сәйкес келетін басқару жүйелері енгізілді.

«Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС Қазақстан Республикасының Экология кодексін, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық стандарттар қағидаларын сақтайды. Серіктестік экологиялық қауіп-қатерлерді барынша азайтуға және өндірістік қызмет кезінде экология қауіпсіздігін қолдауға бағытталған іс-шаралар өткізеді. Дәстүрлі өмір салтын ұстанатын жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл компанияның өндірістік қызмет аймақтарында дәстүрлі өмір салтын жүргізетін жергілікті тұрғындар жоқ. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру  «Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС энергия тиіміділігін арттыру мақсатында 2018 жылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ желілік бөлігінің объектілері, «Бозой», «Ақбұлақ» газ өлшеу станциялары үшін энергия аудиті жүргізілді. Объектілерде келсідей энергия үнемдеу іс-шаралары қолданылады:

  • циркуляциялық жылыту сорғылары мен энергия тасымалдағышты жылыту блогының («Ақбұлақ» ГӨС) төмен жұмыс режимдерінде электр энергиясын тұтынуды төмендету үшін жиілік түрлендіргіштерін (ЖРЖ) пайдалану;
  • жылу трассаларының жер үсті учаскелері жылу шығынынан оқшаулаумен қамтамасыз етілген;
  • ЖЭР есебінің есептегіштері орнатылған;
  • автоматты температура реттегіші бар климаттық жағдайларды сақтау үшін кондиционерлерді пайдалану.

Эмиссияның қоршаған ортаға әсері  Атмосфералық ауа «БШГҚ» ЖШС пайдалану нәтижесінде атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шамамен 47 атауы бөлінеді. Серіктестік атмосфераға метан шығарындыларын азайтуға бағытталған өндірістік қызмет кезінде экологиялық қауіп-қатерлерлерді тұрақтандыруға және экология қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған белсенді жұмыс жүргізеді. «БШГҚ» ЖШС қоршаған ортаға әсерді азайту және Компанияның қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатын іске асыру шеңберінде орнықты дамуды арттыру мақсатында шығарындыларды тиімді басқаруды қамтамасыз ететін Шығарындыларды басқару жөніндегі саясатты әзірледі және сол бойынша жұмыс істейді. Шығарындыларды басқару саясатының негізгі міндеттері:

  • бүкіл компания бойынша міндетті пайдалануға арналған шығарындыларды басқару тәсілін реттейтін принциптерді анықтау;
  • өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттыру, шығарындыларды азайту;
  • табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ағып (жылысып) кетудің алдын алу.

Парниктік газдар парниктік газдар табиғи жолмен өндіріледі және күн жылуының бір бөлігін ұстап тұру және планетамызды өмір сүруге жарамды ету арқылы адамдар мен басқа тіршілік иелерінің өмір сүруінде маңызды рөл атқарады. Бір жарым ғасырлық индустрияландыру, сондай-ақ ормандарды тұтасымен кесу және белгілі бір ауылшаруашылық әдістерін қолдану атмосфераға парниктік газдар шығарындыларының көбеюіне әкелді. Халық санының өсуімен және елдер экономикасының дамуымен бірге олардың парниктік газдар шығарындыларының көлемі артып келеді. Төменде бірқатар ғылыми белгіленген заңдылықтар келтірілген:

  • орташа жаһандық температура Жер атмосферасындағы парниктік газдардың концентрациясына тікелей байланысты;
  • өнеркәсіп дәуірінің басынан бастап парниктік газдардың концентрациясы үнемі артып келеді және онымен бірге әлемдік орташа температура өсуде;
  • Жер атмосферасындағы негізгі парниктік газдардың бірі көмірқышқыл газы ол қазба отындарын жағудың өнімі.

Ресурстар мен энергияны ұтымды пайдалану, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту, парниктік газдар шығарындыларын басқару, климаттың өзгеруіне бейімделу — бұл мәселелер «Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметі үшін біртіндеп қағидатты бола бастады.

Су ресурстарын басқару правление водными ресурсами  «БШГҚ» ЖШС «Су ресурстарын басқару жөніндегі стандарт» Құжатталған рәсімі әзірленді және енгізілді. Стандарттың негізгі міндеттері:

  • міндетті пайдалануға арналған су ресурстарын басқарудың негізгі принциптерін анықтау;
  • су ресурстарын басқаруды үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету;
  • Серіктестікте су ресурстарын басқарудың біртұтас процесін қамтамасыз ету, Серіктестіктің әртүрлі қажеттіліктері (ауыз су, өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық және басқа да қажеттіліктер) үшін суды пайдаланудың әртүрлі бөлімшелерін келісілмеген басқарудың қалыптасқан тәжірибесіне қарсы;
  • Серіктестікте су ресурстарын басқару процесіне мүдделі тараптардың тартылуын қамтамасыз ету.

Су алу Артезиан ұңғымасынан «Бозой» КС – 1, «Қараөзек» КС, «Түркістан» КС жерасты көздерінен жүргізіледі.

Қалдықтарды басқару «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС өндірістік қызметінің нәтижесінде қатты-тұрмыстық және өндірістік қалдықтар түзіледі. Барлық қалдықтар шарт бойынша мамандандырылған ұйымдарға беріледі. Кәсіпорындағы қалдықтарды басқару жүйесі қалдықтардың пайда болу процестерін, оларды сәйкестендіруді, оларды жинауға, буып-түюге және таңбалауға, қажет болған жағдайда тасымалдауға, уақытша сақтауға (реттелген орналастыруға) және сақтауға қойылатын талаптарды айқындайды. Қалдықтарды басқару саласындағы негізгі принциптер:

  • қоршаған орта компоненттерін (ауа, жер асты сулары, топырақ) өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластанудан қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапкершілік;
  • өндіріс және тұтыну қалдықтарының түзілуін барынша қысқарту және оларды экологиялық қауіпсіз өңдеу;
  • қалдықтардың пайда болуын азайтуға мүмкіндік беретін технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы қоршаған ортаға теріс әсерді азайту.

Қалдықтарды басқару ҚР Экология кодексіне және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, халықаралық танылған тәжірибеге сәйкес жүргізіледі. Компания өндіріс және тұтыну қалдықтарының барлық түзілетін түрлерінің уақытша сақталуын және жай-күйін тұрақты түгендеуді, есепке алуды және бақылауды жүргізеді.

Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар экологиялық қауіп-қатерлерді тиімді басқару үшін «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС табиғат қорғау қызметін басқару тәсілдерін ұдайы жетілдіріп отырады және қоршаған ортаны қорғауға қажетті ресурстарды, атап айтқанда, нормативтік эмиссиялар үшін салық төлеуді, табиғат қорғау іс-шараларына арналған шығындарды қамтитын экологиялық шығындарды бөледі.

«БШГҚ» ЖШС экологиялық жағдайды және өндірістік объектілердің қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін тұрақты негізде өндірістік экологиялық мониторинг жүргізеді. Өндірістік экологиялық мониторинг эмиссиялар мен қоршаған ортаға әсерді: атмосфераны, су ортасын, топырақты және радиациялық фонды бақылауды қамтиды.

  • газ жағатын жабдықтың ластануының стационарлық көздерінен зиянды заттар шығарындыларын аспаптық бақылау;
  • санитарлық-қорғау аймағының (СҚА) шекарасындағы ауа мониторингі;
  • сарқынды және жер асты суларын зерттеу;
  • ауыр металдарға топырақ жамылғысын зерттеу;
  • өндірістік объектілердің радиациялық фонына мониторинг жүргізу.

«Бейнеу Шымкент газ құбыры» ЖШС бұдан әрі қоршаған ортаны қорғау және энергия тиімділігі мәселелерінде корпоративтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін қолдайтын болады, бұдан басқа ҚР Экология кодексін және Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық стандарттар қағидаларын ұстанатын болады.