«БЕЙНЕУ-ШЫМКЕНТ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ЖШС 15 ЖЫЛ

Халық игілігі

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры – Қазақстандағы әлеуметтік маңызы зор ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі және елдегі бүкіл қоғамының назарында.

Қазақстанның табиғи газ қоры негізінен елдің солтүстік-батыс өңірлерінде шоғырланған, ал газ тұтыну халық тығыз орналасқан және экономикалық тұрғыдан дамыған оңтүстік өңірлерде басым. Газ құбыры салынғанға дейін елдің бұрынғы ішкі газ тасымалдау жүйесі батыстан оңтүстікке газ жеткізуді толық қамтамасыз ете алмады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры пайдалануға берілгеннен кейін елдегі барлық магистральдық газ құбырлары батыстан оңтүстік-шығысқа дейін бірыңғай жүйеге біріктірілді. Соның нәтижесінде тұтас ұлттық газ тасымалдау желісі қалыптасты және Қазақстанның солтүстік-батыс өңірлеріндегі табиғи газ елдің оңтүстігіндегі төрт облысқа жеткізілді. Бұған дейін Қазақстанның оңтүстік өңірлері импорттық газға тәуелді еді, ал енді жағдай түбегейлі өзгерді.

Экологиялық таза энергияның осы қуатты ағыны ел халқының 50%-дан астамын қамтиды, яғни 10 миллионнан астам тұрғын соның игілігін көріп отыр. Сонымен қатар ол халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ететін «жылы энергетикалық артерияға» айналды.

Қыстың суық күндерінде миллиондаған отбасы үйлерін жылытып, алаңсыз тамақ пісіру үшін «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры үздіксіз  жылумен қамтамасыз етіп отыр. Білім беру саласында ол 300-ден астам оқу орнын қамтиды, білім алушылардың оқуы мен дамуына жағдай жасайды. Денсаулық сақтау саласында 200-ден астам аурухана мен медициналық мекемедегі жабдықтардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды, денсаулық сақтау жүйесін қолдайды. Мемлекеттік секторда 100-ден астам мемлекеттік мекемені сенімді энергиямен қамтамасыз  етуге ықпал етіп, мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға көмектеседі.

«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры тұрақты әрі сенімді энергиямен қамтамасыз ете отырып, халықтың әл-ауқаты мен қалалардың үйлесімді дамуына ықпал етеді. Осылайша ол шын мәнінде халықтың әл-ауқатына бағытталған жобаға айналып, ұлттық стратегиялық жобалардың әлеуметтік бағытын айқын көрсетеді.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye