«ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ: АУҚЫМДЫ ТРАНСФОРМАЦИЯ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ ЖОЛ АШТЫ.

Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» АҚтрансформациялау бағдарламасын ойдағыдай жүзеге асыруда. Бұл процесс қазіргі таңда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» акционерлік қоғамының құрамына кіретін барлық компанияларда жүргізіліп жатыр. Мұндай ауқымды өзгерістерді қолға алуға, Қордың және оның еншілес компанияларының жұмыстарын ұқсас шетелдік компаниялардың жұмыстарымен салыстыра жүргізілген талдау түрткі болды. Салыстыру көрсеткендей, қызметі ұқсас халықаралық компаниялардың салынған капиталы біздегіден әлдеқайда көп пайда әкеліп отыр. Сондықтан «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басшылығы Трансформациялау бағдарламасын іске асыру бастамасын көтерді және 2014 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен нақты жүзеге асырыла бастады.

Осы күрделі процесті еліміздің мұнайгаз секторы алғашқылардың бірі болып қолға алды. Бүгінгі күні газ саласындағы ұлттық оператор жүргізген жаңарту процесінің аралық қорытындысын саралай отырып, бұл істің пайдасы мол оң өзгерістерге жол ашқанына көз жеткізуге болады. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының қызметі турасындағы біздің сұрақтарымызға Бас директордың трансформация және дамыту жөніндегі орынбасары Ерқанат Уақбайұлы Темірханов жауап берді.

– Ерқанат Уақбайұлы, ҚазТрансГазды трансформациялау дегеніміз не және бұл процесс нақты қандай өзгерістерді көздейді?

– ҚазТрансГазды трансформациялау дегеніміз, компания қызметінің тиімділігін және активтерінің құнын арттыруға бағытталған ауқымды қайта құрулар бағдарламасы. Сәт сайын құбылып тұрған қазіргі заманда ҚазТрансГазға да өзгеріс қажет: бұл – жаңа, алдыңғы қатарлы технологияларды, бизнес процестердің озық стандарттарын енгізу, басқару құрылымын оңтайландыру. Өйтпесе кез келген қазіргі заманғы кәсіпорын, әсіресе, ҚазТрансГаз сияқты үлкен компания көш соңында қалатыны анық. Ал біздің  кәсіпорын шынымен де өте іргелі. ҚазТрансГаздың басқаруында 30 мың шақырымнан астам газ тарату желілері, 14 мың шақырымнан астам магистральдық газ құбырлары бар. Компания еліміздегі 7 миллионнан астам тұтынушылар мен кәсіпорындарды газбен тұрақты қамтамасыз етіп отыр. Осынау ересен жүйенің іркіліссіз және авариясыз жұмыс істеуін 14 мыңнан астам адам қамтамасыз етуде.

Өз қызметімізді егжей-текжейлі талдай келе, біз трансформациялаудың нақты бағдарламасын жасадық. Ол Ұлттық оператор ретіндегі ҚазТрансГаздың одан әрі жүргізетін қызметі «үш тірекке», яғни үш бизнес процеске – газ өндіруге, тасымалдауға және оны өткізуге негізделетінін көздейді, бұл дегеніміз қайта құрылымдалатын еншілес кәсіпорындар, ендігі жерде бөлек-бөлек бизнес-процестермен айналысады деген сөз. Сонымен қатар компанияның барлық бизнес-процестерін оңтайландыруға үлкен көңіл бөлініп отырғанын айта кеткім келеді.

Біз еншілес компаниямыз «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның базасында  магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілерін пайдалану және оларға қызмет көрсету жөніндегі операторды құрамыз. Осы функцияларды бергенге дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық, транзиттік газ құбырларын пайдалану және оларға қызмет көрсетумен ғана айналысқан болатын. Енді компанияның пайдалануына осы магистральдық газ құбырларынан еліміздің барлық қалалары мен ауылдарындағы соңғы тұтынушыға дейін созылып жатқан бүкіл газ тарату желілері де беріледі. Бұған қоса «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-нан газ тасымалдаумен айналысатын бүкіл білікті өндірістік және әкімшілік-шаруашылық персонал «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на өтеді.

Ауқымды қайта ұйымдастыру «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның да жұмысын түбегейлі өзгертуді талап етті. Енді ҚазТрансГаз Аймақ ішкі нарықта тауарлық газды бөлшек саудада өткізуге және тікелей тұтынушылармен жұмыс жасауға көшеді. Компания бұдан былай газ тасымалдаумен және газ тарату желілерін ұстаумен айналыспайды.

Сонымен қатар ендігі жерде ҚазТрансГаз Аймақ өңірлерді газдандыруға және газбен жабдықтау желілерін жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асырумен айналысатын болады. Жаңадан салынған газ құбырлары «Интергаз Орталық Азия» АҚ-на пайдалануға беріледі.

Ресурстық базаны ұлғайту, газды барлау және өндіру жөніндегі жұмыстар «Амангелді Газ» ЖШС тиесілі. Осыған байланысты, газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес, тұтынушыларды газбен қамтамасыз ету мақсатында, біз Жамбыл облысындағы Амангелді газды кен орындарының тобын игеруді одан әрі жалғастырып жатырмыз.

Барлық осы ауқымды қайта құрулар біздің еншілес компанияларға, КазТрансГаздың барлық филиалдарына сервистік қызмет көрсету жөнінде оператор құру қажеттілігіне әкеліп отыр.

– Сіздердің еншілес кәсіпорындарыңыздың арасындағы функцияларды осындай қайта бөлу неге қажет болды?

– Біздің бизнес-процестерді талдау барысында, көптеген функциялар бір-бірін қайталайтыны анықталды, тіпті кей кәсіпорындар мүлдем тән емес қызметтерді де қоса атқарып келе жатқан. Егер бір компания газ тасымалдаумен айналысатын болса, онда ол оны өткізу немесе өндіру мәселесін шешпейді немесе керісінше.

Жай мысал келтірсем, бұрын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ тарату жүйесіне қызмет көрсету үшін өзінің операторлық, диспетчерлік пунктін, үлкен мамандар штатын ұстады, яғни мұның бәрі еншілес «Интергаз Орталық Азияда» бар нәрселер. Жаңа өзгерістер енгізілгеннен кейін, екі жөндеуші бір бағытта жүрмейтін болады немесе бір жұмысты екі дәнекерлеуші атқармайтын болады. Бейнелеп айтар болсам, осы арқылы «ыстық су слесары не суық су слесары» дейтін жеке-жеке ұғым болмайды, осының барлығын бір жұмысшы істейтін болады. Екі еншілес компанияның жұмысшы мамандықтарын қайта бағдарлаумен қатар олардың жұмыстары мен қызметтері оңтайландырылатын болады. Яғни, барлық мамандар мен басқарушы персоналдарға қойылатын талаптар жоғарылатылады. Бұның бәрі барлық деңгейде функциялардың қосарлануын болдырмауға және бір қызметкердің жұмысты орындау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.

– Компанияның өндірістік қызметін жетілдіруге байланысты процестерден басқа әкімшілік-басқарушылық топ құрамында қандай өзгерістер болып жатыр?

– Сөз жоқ, бірінші кезекте, өзгерістер бас холдингтік компаниядан басталды. Біз сатылай біріктірілген басқару схемасы негізінде барлық компаниялар үшін бірыңғай әкімшілік-басқарушылық персоналдың тиімді құрылымын құру жөніндегі процесті толық аяқтадық.

ҚазТрансГаз компаниялар тобының және бес еншілес компаниялардың орталық аппараттары тұтастай бір ғимаратқа көшті. Осындай құрылымдық оңтайландыру көп еселі үнем берді және офистерге, әкімшілік-шаруашылық қызметтеріне, кеңсеге, күзетке, паркингтер мен автотұрақтарға қызмет көрсету және жөндеуге жұмсалатын шығындарды азайту есебінен үлкен үнемдеуге мүмкіндік береді. Атап айтсақ, енді компаниялар тобы үшін үлкен серверлі бір IT-бөлім, ортақ IР-телефония жұмыс істейді, келіссөздер мен бейнеконференциялар жүргізу үшін арнайы залдар құрылған.

Бұған қоса, егер бұрын еншілес кәсіпорындардың өңірлік өкілдері әртүрлі офистерде орналасып, оларды жалға алып, әкімшілік ғимаратты сатып алып, оларды ұстауға қаражат жұмсап келді. Ал қазір трансформация шеңберінде  олардың барлығы бір офисте орналасатын болады. Ендігі жерде өңірлерде екі кәсіпорынның орнына бір-бірден филиал және бір-бірден басқару аппараты қалады. Бір нүктеде орналасқан бірыңғай орталық аппарат құрылады, бұл дегеніміз барлық өндірістік шығыстар екі есеге қысқартылатын болады. Екі директордың, екі машинаның және жүргізушінің, екі орынбасардың және бас бухгалтерлердің және т.б. орнына барлығы бір данада ғана болады. Бұның барлығы командамыздың ұтқыр болуына септігін тигізеді, жұмыстың тиімділігін арттырады және өзара іс-қимылды жеңілдетеді. Ал босаған ғимараттар мен нысандар сатылып, одан түскен қаржы елдімекендерді газданыруға және газ тарту жүйелерін жаңғыртуға жұмсалатын болады. Бүгін осындай жұмыс «Интергаз Орталық Азияның» және «КазТрансГаз Аймақтың» барлық филиалдарында жүргізіліп жатыр.

– Сіз компанияда қазіргі заманғы озық технологияларды енгізу туралы айтып өттіңіз. Нақты нені және қалай жаңғыртудасыздар?

– Озық технологияларды енгізу ол да үлкен үнемділікке әкеледі. Бүгінгі күні компанияның барлық бөлімшелерінде, аудандық газ учаскелеріне дейін бейнеконференциялар мен IР-телефонияға арналған бағдарламалар орнатылған. Бұл тікелей режимде өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, яғни іссапарларға шығу және қалааралық сөйлесулерге жұмсалатын шығындар қысқарады. Кеңес өткізу үшін Астанаға келудің қажеті жоқ, керісінше орталықтан өңірлерге де қайта-қайта бара берудің қажеттілігі болмайды. Осының бәрі ақшалай ресурсты бірнеше милионға үнемдеп қана қоймай, жұмыс уақыты да үнемделеді.

Қазіргі заманғы технологиялардың және диспетчерлендіру жүйесінің  арқасында біз Астанада отырып, тікелей эфир режимінде магистральдық газ құбырының, газ тарату жүйеслерінің барлық трассаларын, кез келген нүктедегі компаниялар тобының жұмысына бақылау жасай аламыз. Ал егер проблема туындаған жағдайда, мамандардың «шұғыл ақылдасуын» ұйымдастырып, «тікелей эфирде» туындаған мәселені шешуге ұсыныстар беруге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ бізде былтырғы жылдан бастап персонал мен бизнес процестерді басқарудың электрондық жүйесі енгізілген. Біз бұрынғы ескі айлық, тоқсандық есеп берулерден және қағазбастылықтан арылдық. Жасыратыны жоқ, осындай есеп берулердің бәрі негізінен әшейін белгілеу үшін ғана беріліп, еш тиімділік әкелген жоқ. Ал осы толық автоматтандырылған жаңаша көзқарас апта сайын айдың аяғын, жарты жылдықты және жылдың аяғын күтіп жүрмей, проблемалық мәселелерді шешіп, бизнес процестерді жедел түрде түзетуге, нарық конъюктурасының өзгерістеріне жылдам ден қоюға мүмкіндік береді. Айтпақшы, осындай көзқарас кәсіпорынның ұжымын да өте мықты тәртіпке жұмылдырады.

– Бизнес процестерді осындай ауқымды оңтайландыру, бірталай жұмыс орындарының да ықшамдалуын талап ететіні анық қой. Осы орайда сіздер персоналды жаппай қысқартуды жоспарлап отырсыздар ма?

– ҚазТрансГаз компаниясының тобында жүргізіліп отырған трансформация және оңтайландыру қызметкерлердің штатын қысқартуға әкеп соқтырмайды. Біздің кадрлық саясат қызметкерлердің біліктілігін қайта көтеру және кәсіби деңгейлерін арттыру жолымен олардың қызметтік өсуіне бағытталған. ҚазТрансГаз жылдан жылға өсіп, даму үстінде. Сондықтан өндіріс қуаттылығын және көлемдерін ұлғайту есебінен, бізде кадрларды қысқарту болмайды. Білікті өндірістік және әкімшілік-басқарушылық қызметкерлердің өздерін дамытып, біліктіліктерін жетілдіремін, бізбен бірге  қызмет сатысы бойынша өсемін деушілер бізбен бірге жұмыс істеуді жалғастыра береді.

Осы жерде компанияның кадрлық саясатына үлкен назар аударылады. Біз әр уақытта қызметкерлеріміздің мұқтаждары мен ұсыныстарына жедел ден қоюдамыз. Мысал үшін, біздің қызметкерлердің өтініштері бойынша апта сайынғы есепті енгізгеннен кейін, біз апта сайын жалақы төлеуге көштік. Жалақыны апта сайын төлеу, әсіресе, жас мамандар мен олардың отбасылары үшін өте ыңғайлы әрі тиімді болып шықты.

– Сіз Компания сервистік қызмет көрсету жөніндегі операторды құрады деп айтып қалдыңыз. Оның міндеттеріне не кіреді, осындай оператор КазТрансГаздың құрылымында не үшін қажет?

– Сервистік қызмет көрсету жөніндегі операторды құру қажеттілігі трансформациялау процесін жүргізу барысында туындап отыр. Біз арнайы техника мен автокөліктердің қалай пайдаланылатынын анықтау мақсатында арнайы талдау жүргіздік. Нәтижесінде барлық біздің техника, күн сайын, 100 пайызға пайдаланылмайды, ал кей кезде осы деңгей 20 пайыздан төмен екенін анықтадық.

Былайша айтқанда, әрбір еншілес компания, әр өңірде өзінің меншікті автопаркі мен арнайы техника паркін ұстайды. Бұл ретте, мәселен, жұмыстар көлемін орындағаннан кейін көтерме кран немес экскаватор басқа жұмыс шыққанға дейін қаңтарылып бос тұрады. Екінші бір филиалымызға дәл сондай кран мен экскаватор қажет болса олар оны сатып алады да жұмыс аяқталғаннан кейін олар да гаражда тұрады. Осындай жағдайлар қолда бар техниканың тұрып қалып, толық қуатпен жұмыс істемеуіне әкеп соқтырды. Сондықтан бүкіл автомобиль паркі мен арнайы техниканы басқаратын компанияны айқындау туралы шешім қабылданды. Осылайша сервистік қызмет көрсететін операторға жүгініп, бір өтініммен қажетті техниканы белгілі уақытқа алуға болады.

Бұған қоса, онда барлық техниканы есепке алып, бақылау үшін GPS-трекерлер орнатылатын болады, ол оның мақсатсыз пайдаланылуын болдырмайды. Бұл: біріншіден, автокөлік санын оңтайландыруға, екіншіден, оны ұстауға жұмсалатын шығыстарды қысқартуға, үшіншіден, сервистік компанияға автотехника паркін жаңартуға, ескілерін есептен шығаруға, ал КазТрансГаз-ға өз қызметінің негізгі түрлеріне шоғырлануға мүмкіндік береді. Біз үшін осы қызмет түріне өндірістік ресурстарды ұстау қажеттілігі болмайды.

Бұрын осындай жұмыс «ҚазТрансГаз Аймақта» жүргізілді, ол өз кезегінде  автокөліктің жүруін жылына 2,6 млн. километрге қысқартуға мүмкіндік берді, жанар-жағар материалдарын, қосалқы бөлшектерді пайдалану, жалақы төлеу қоры бірнеше есеге қысқартылды. Нәтижесінде экономия бірнеше миллиард теңгені құрады. Осының барлығы негізінен, ҚазТрансГаздың барлық компаниялар тобы бойынша қызмет көрсетулерге арналған ақшаларын үнемдеуге  ықпал ететін болады.

– Расында да өте ауқымды және тиімді қайта құрулар жүріп жатыр, компанияны трансформациялау шеңберінде тағы не істеу жоспарланып отыр?

– Біз құрылымды ғана өзгертіп қоймаймыз, бұл ретте компания қолда бар ресурстарды оңтайлы пайдалану үшін барлық мүмкіндіктерді іздестіруде. Компания басшылығы қолда бар материалдық-техникалық базаны ұқыпты пайдалану мәселелеріне жаңаша тұрғыда келу қажет деп санайды. Мысалы, біз қазір консервацияға қойылған газ құбырларын газдандыру жөніндегі жобалар іске асырылып жатқан өңірлерге көшіру мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Ал бұл дегеніңіз, беріктігі өте жоғары мыңдаған километрге жететін құбырлар. Болат құбырлар сапасына әрқашан өте жоғары талап қойылып келген және әлі де солай. Сондықтан олардың құны да жоғары, біздегі тасымалдау құбырларының біраз бөлігі консервацияда тұр. Егер оларды бір учаскеден екіншісіне көшірсек, заманауи станоктар мен жабдықтарда оларға диагностика жасап, тазартып, өңдеп және қайта оқшаулайтын болсақ, олар тағы 20-25 жыл бойы қызмет етеді. Осындай құбырлардың құны да едәуір азайып, жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Сондай-ақ, бізде консервацияда тұрған компрессорлық станциялар да бар. Құбырларды көшіру тәжірибесін неге осында да пайдаланбасқа? Осы жұмыстың барлығы, тағы да, миллиардтаған теңгені үнемдеуге бағытталады, демек – елімізді газдандыру жөніндегі инвестициялық жобаларды арзандатуға, тарифке түсетін салмақ пен газ бағасын азайтуға бағытталған.

– Сіздердің экологиялық бастамаларыңыз жөнінде біз біршама хабардармыз «Жасыл экономика» тұжырымдамасы шеңберінде не жоспарлап отырғандарыңыз туралы айтыңызшы?

– Бұл бағыттағы жұмыс үнемі жүріп жатыр. Біздің компания автокөлікті газмотор отынына көшіруге бастамашы болып отыр, бұл қаражатты айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді, сол арқылы экологиялық ауыртпалықты да едәуір азайтады. Қазір ҚазТрансГаздың бүкіл автокөлігін газмотор отынына көшіру процесі жүріп жатыр. Мұның бәрі Қазақстан Республиккасының «жасыл экономкаға» көшуі жөніндегі тұжырымданы іске асырумен үйлеседі. Оған қоса біз бүкіл «Самұрық-Қазына» холднингінің автопаркін газмотор отынына көшіру туралы бастама көтеріп, оған алдын ала мақұлдау алды.

Осы тәжірибені біз бүкіл Қазақстанға таратқымыз келеді. Бізде қазірдің өзінде «ҚазМұнайГаз Қайта өңдеу Маркетинг» компаниясымен олардың май құю  желілерінде автомобильдік газ толтырғыш компрессорлық станциялар орнату туралы уағдаластық бар. Компания басшылығы республикадағы осы станциялардың желісін дамытудың 2022 жылдарға дейінгі перспективалық жоспарын әзірледі. Бүгінгі таңда осындай 11 газ толтыру станциясы жұмыс істеуде. Бұл істің тек басы ғана.

Кейбір облыстардың басшылары, осындай экономикалық пайданы көре отырып, олар да осы процеске қосылып жатыр. Жақында Ақтөбе, Алматы және Қостанай облыстарының әкімдіктерімен муниципалды көлікті газмотор отынына көшіру туралы меморандумға қол қойылды.

Біздің еншілес ұйымымыз – «ҚaзТрансГаз Өнімдері» ЖШС «Аллюр Авто» ЖШС мен «Сарыарқа АвтоПром» АҚ компаниялар тобымен Қостанай автокәсіпорнында сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін отандық көлік шығаруды ұлғайту жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл бастама автомобиль иелеріне қаражатты едәуір үнемдеуге мүмкіндік береді, бұл газдың бензиннен арзан болуына орай, экологиялық ауыртпалықты да азайтады.

Сонымен қатар «Жасыл экономкаға» көшу жөніндегі тұжырымдаманың шеңберінде энергия ресурстарын жалпы үнемдеу және экологияны жақсарту үшін, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ҚазТрансГаз көп қабатты үйлерді орталықтандырылған жылытудан табиғи газбен автономиялы жылытуға көшіруді ұсынып отыр. Бұл жылу энергиясын 40%-ға дейін, ал ыстық су шығынын 50%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді және жылу трассаларын ауыстыру мен жөндеуге кететін миллиардтаған теңгені  үнемдейді деп есептейміз. Есептеулер көрсеткендей, мұндай шешім, жаңа жылу станциялары мен трассаларын үздіксіз кеңейту мен салудың қажеті жоқ екенін көрсетті. Осындай тәсіл коммуналдық төлемдердің құнын едәуір азайтады, энергия ресурстарын үнемдейді, біздің қалаларымыздың ауасын да неғұрлым таза етеді.

– Компанияның даму серпіні туралы, газ өндіру және тасымалдау саласындағы жағдай жалпы қалай қалыптасып отырғаны туралы айтып берсеңіз?

– Біздің мақсатымыз – отандық газ саласын одан әрі ықпалдастыру мен дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру, газ экспортынан және транзиттік әлеуетті пайдаланудан барынша көп кіріс алу. Компания осы бағытта қарқынды дамып келе жатқанын айта кету қажет. Өткен жылы 23,5 млрд. текше метр тауарлық газ өндірілді. Ішкі нарыққа 12,4 млрд. текше метр газ жеткізілді. Салыстыру үшін айтсам, осынша газ көлемі бір жыл бойы аумағы 100 текше метрлік 4 млн. жеке тұрғын үйді немесе көппәтерлі үйлердегі 40 млн. пәтерді қамтамасыз етуге жеткілікті!

Магистральдық газ құбырлары арқылы газ тасымалдау көлемі 105,431 млрд. текше метр газды құрады. «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінің желілік бөлігін салу аяқталды, биылғы жылы газ құбырының үшінші желісі пайдалануға берілетін болады. Бұл жылына 55 млрд. текше метрге дейін газ тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚазТрансГаз «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарындағы метанды барлау жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ақтөбе облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы, осы өңірдің үш жер қойнауын пайдаланушыларының ілеспе мұнай газын кәдеге жарату жобасын іске асыру жөнінде меморандум жасалды. Енді алау боп жағылған «Қожасай» кен орнындағы газ тұтынушыларға барады, ал бұл жылына қосымша 250-300 млн. текше метр көгілдір отын. Қызылорда облысында іске асыру үшін осындай жобаның нұсқасы қарастырылуда. ҚазТрансГаз жаңа инвестициялық жобаны – Жамбыл облысында табиғи газды сұйылту жөнінде зауыт салуды іске асыруға қатысады. Бұл облыстың шалғай аудандарын газбен қамтамасыз етуге, өңірдегі экологиялық ауыртпалықты айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Жобаға шамамен 100 млн. АҚШ долларын салуды жоспарлап отырған қазақстандық «Астана-Транс-Ойл» компаниясы инвестор ретінде қатысып отыр. ҚазТрансГаз, өз кезегінде, газ құбырларына қосуды қамтамасыз етеді және зауыттың іркіліссіз жұмысы үшін газдың қажетті көлемін жеткізетін болады. Болашақ перспективада біз көпвекторлы бағытта дамып, газ-химия өнеркәсібін және сұйытылған газды дамыту бағытында ілгері жылжығымыз келеді.

Мемлекет басшысының шешімдерін жүзеге асыра отырып, биыл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының «Бейнеу-Бозой» учаскесін салуды аяқтаймыз. Бұл Қытайға газ экспортының баламалы бағыты, ол біздің экспорттық және транзиттік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, компанияның кірісін арттырады және ол қаражат елді мекендерді газдандыру мен бүкіл газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуға бағытталатын болады.

– ҚазТрансГазда жүріп жатқан қайта құрулар газдың тарифіне қалайша әсер етеді?

– Экспорт, тасымалдау, қайта өңдеу және жаңа технологияларды енгізу көлемінің өсуі – газ бағасы мен тарифтік саясатты бірқалыпты ұстап тұрудың және оның тұрақтылығының кепілі. Айтып өткенімдей, бүгінгі таңда жаңғырту және оңтайландыру тетіктері ҚазТрансГаздың барлық құрылымдық бөлімшелерінде енгізілуде, бұл бизнес-процестердің барлық бағыттары бойынша функциялар мен жұмыстардың қайталануын болдырмайды. Біз бүкіл компаниялар тобы бойынша техникалық және адами ресурстарды шоғырландыруды аяқтаймыз.

ҚазТрансГаз – Ұлттық оператор, сондықтан компания басшылығы әлеуметтік бағыттағы міндеттерді кең ауқымдағы мемлекеттік көзқарас тұрғысынан шешіуге күш салып отыр. Компанияға үлкен әлеуметтік жауапкершілік жүктелген және біздің барынша қатаң үнем мен бизнес-процестерді оңтайландыруға деген ұмтылысымыз тұрғындарға және газ, газбен жабдықтау саласында іске асырылып жатқан жобаларға ешқандай кері әсерін тигізбеуге тиіс.

Сондықтан ішкі резервтерді оңтайлы пайдалану есебінен компания баға теңгерімі мен тарифтік саясатты сақтап қалуға кұш салады. Перспективада біздің компания газ бағасын белгілеудің бірыңғай қағидаттарын енгізуді, барлық өңірлерде газға бірыңғай тариф және ыңғайлы баға белгілеуді жоспарлап отыр. Бұл ретте газ бағасын тұтынушылар тобына қарай дифференциялау енгізілетін болады.

– Дәл осы жерде тұтынушылар жөнінде толығырақ айта кетсеңіз. Қазақстанның өңірлерінде газдандыру қалай жылжып жатыр?

– Бұл бағытта компания ел ішіндегі тұтынушыларды газбен іркіліссіз  қамтамасыз ету жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізуде. Өткен жылы Қазақстан Үкіметі республиканы газдандырудың Бас схемасын бекітті. Ол бойынша 2030 жылға қарай Қазақстанда 13 облыс газдандырылады, тұтынушылар саны 12 млн. адамға дейін өседі деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда ҚазТрансГаз айтарлықтай жұмыс көлемін атқарып, газдандырудың өңірлік схемаларын әзірледі, тауарлық газ бойынша жаңартылған ресурстық база жасалды. Облыстардың әкімдіктерімен осы саладағы ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдар жасалды. Біздің компания «Алматы қаласын және қала маңы аймағын газдандыру» жобасын іске асыруды аяқтады, 1226 шақырым газ құбыры салынды. Шығыс Қазақстанда, Зайсан қаласын газдандыру жобасы бойынша іске қосу кешінінің бірінші кезегі тапсырылды, 1100 абонентке және 100-ден астам коммуналдық-тұрмыстық сектор объектілеріне газ құбырлары өткізілді. Түркістан қаласы белсенді түрде газдандырылуда, ондағы мыңдаған тұрғындар ең ыңғайлы және экологиялық таза отынды пайдалана бастады. Шымкент қаласындағы газ тарату желілерін жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру басталғалы 1962 шақырым, Таразда 376 шақырым жаңа газ құбырлары салынды. Сол арқылы осы ірі қалаларда ең озық газбен жабдықтау жүйесі пайда болды.

Биылғы жылға жоспарланып отырған жоғарыда айтылған «Бейнеу – Бозой» учаскесін іске қосу Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 300-ден астам елді мекенді газдандыруға жол ашатын болады. Қазір Қызылорда облысында елді мекендерге жеткізуші газ құбырларын тарту және ауылішілік таратушы желілерді салу жұмыстары өте белсенді түрде жүргізілуде. Биылғы жылы бес елді мекен газдандырылатын болады, оның қатарында Байқоңыр, Арал қалалары, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттері бар. Барлық осы аудандарда автоматтандырылған газ таратушы станциялар салынып, сондай-ақ ауылішілік газ құбырлары салынады.

– Қазақстанның газ және газбен жабдықтау жөніндегі Ұлттық операторы ретінде сіздер сыртқы нарық, шет елдермен де тығыз байланыстасыздар. Жалпы компанияның бұл бағыттағы жұмысын халықаралық нарықтарда қалай бағалайды?

– Шын мәнінде, компанияның қызметі қаншалықты нәтижелі екенін, жүргізіліп жатқан қайта құрулар қызметіне қалай әсер ететінін халықаралық рейтингтер арқылы да білуге болады.

Fitch Ratings агенттігі ҚазТрансГаздың және біздің 100-пайыз еншілес компанияларымыз «Интергаз Орталық Азия» мен  «ҚазТрансГаз Аймақтың» ұзақ мерзімді рейтингін «BBB-/Тұрақты» деңгейінде растады. Standard&Poor’s  рейнтингтік агенттігі де ұзақ мерзімді рейтингті растады.

Біздің компания осы рейтингтер бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы рейтингтерімен тең дәрежеде бағаланып отыр. Бұл дегеніміз, бас компаниямыз өз жұмысын жүйелі және дұрыс бағытта жүргізіп отырғанын және ол ел экономикасының мұнай-газ секторын одан әрі табысты дамытуға бағытталғанының көрсеткіші.

ҚазТрансГаздың халықаралық деңгейі мен беделін растайтын тағы бір фактор оның кредиттік сенімділігі мен инвестициялық тартымдылығы болып табылады. Биылғы жылы компания Citibank, ING Bank және Natixis сияқты ірі банктермен жалпы сомасы 400 млн. АҚШ долларына синдикатталған қарыз тартуға кредиттік келісім жасасты. Кредит қолайлы шарттармен үш жыл мерзімге 1,5 % + 3MLibor пайыздық ставкасымен берілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ – серпінді дамып келе жатқан, бәсекеге қабілетті, өз ресурстары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, трансформациялау процесін табысты жүргізіп отырған компания екендігін атап өту керек. «Самұрық-Қазына» қорын трансформациялау форумында, Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның одан арғы экономикалық тағдыры дәл осы трансформациялау процесінің табысты жұмыс істеуіне байланысты болмақ. Сондықтан газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық оператор Қазақстан Республикасының Президенті бізге жүктеген жауапкершілікті толық сезіне отырып, бизнес-процестерді трансформациялау жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталған баға және тариф саясатын бірқалыпты деңгейде ұстап тұруға қажет пәрменді шараларды іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye