«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының қуаты жылына 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады.

«

Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының қуаты жылына 10 млрд текше метрге дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Есепті жылы «Бозой-Шымкент» учаскесінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» ауқымды жобасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Осы кезеңде жылына 2,5 млрд текше метрге дейін жобалық қуаттылыққа қол жеткізілді», – деді Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі.

Одан әрі, Министрдің айтуынша, газ құбырының қуатын жылына 10 млрд текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Аталмыш жобаны жүзеге асыру Қазақстан Республикасының импортқа тәуелді өңірлерін газбен қамтамасыз етуге және Республиканың 500-ден астам елді мекенін газдандыруға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті Қарабалин.

Қаз Мұнай Газ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» Магистральдық газ құбырының құрылысын аяқтауға $700 млн қарыз тартты.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye