CNPC компаниялартобыныңапаттық-қалпынакелтіружұмыстарыбойыншақызметінің жұмыскерлері арасындағы IV халықаралықкәсібишеберлікбайқауы
29 – 31 қазан аралығында Өзбекстан республикасының Бухара қаласында ҚХМК(CNPC) компаниялар тобының Апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстары қызметтерінің қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік бойынша IV Халықаралық байқау өткізілді. Байқауға Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан, Қытай, Мьянма, Нигерия елдерінің мамандары қатысты. “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС атынан сайысқа “Қараөзек” Апаттық-жөндеу учаскесінің сварщигі Нұрғали Арыспаев және “Қорқыт ата” КС электр және сумен қамтамасыз ету қызметінің жетекші инженері Ерлан Елеуов қатысып, екеуі де 3-ші жүлделі орынды иемденді.



