Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары – Сәрсембай Победаұлы Ещанов 

Сәрсембай Победаұлы Ещанов  1971 жылы Атырау облысы Мақат кентінде дүниеге келді. 1989-1994 жылдары Саратов мемлекеттік техникалық университетінде оқып, «Газ айдаушы компрессорлық станцияларды жобалау» мамандығын алды.

1994-1995 жж. – «Жайықтрансгаз» ДАО Мақат Желілік өндірістік басқармасында Технологиялық компрессорлардың машинисті.

1995-1997 жж. – «Жайықтрансгаз» ДАО Мақат Желілік өндірістік басқармасы Газ компрессорлық қызметінің инженері.

1997-1999 жж. – «Жайықтрансгаз» ДАО Мақат Желілік өндірістік басқармасында желілік-пайдалану қызметінің шебері.

1999-2000 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ Мақат негізгі қызмет көрсету базасында қызмет көрсету базасының механигі.

2000-2001 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ «Атырау» МГҚБ магистральдық газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженері.

2001-2004 жж. – «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ «Атырау» МГҚБ  Желілік Өндірістік Басқарма басшысының пайдалану жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ магистральдық газ құбырлары объектілерін пайдалану жөніндегі жетекші маманы.

2005-2006 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» МГҚБ магистральдық газ құбырлары қызметінің басшысы.

2006-2010 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Астана қ., Өндірістік-техникалық департаменттің бас менеджері.

2010-2013 жж. – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Астана қ., Өндірістік-техникалық департаменті директорының орынбасары.

2013-2023 жж. «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Өндірістік-техникалық департаментінің директоры.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының пайдалану жөніндегі орынбасары.