Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасарының “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен есептік кездесуі.
2016 ж. 30 маусым Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Б.Ә. Суанбеков “Бейнеу-Шымкент газ құбыры” ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен арада кездесу өткізді.
Б. Ә. Суанбеков 2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың ең маңызды нәтижелерін атап өтті. 2016 жылғы 25 наурызда “Наурыз мейрамы” мемлекеттік мерекесінің құрметіне корпоративтік іс-шара өтті, онда қызметкерлер Серіктестіктің қызметіне қосқан елеулі жеке үлесі, жасампаз еңбегі және Серіктестік жұмысына адал қызмет атқарғаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Бұдан басқа, Cеріктестік қызметкерлерін ынталандыру мақсатында Серіктестік Басқармасы “Наурыз мейрамы” мерекесіне орай 3 (үш) ЖЕТМ (жалақының ең төменгі мөлшері) мөлшерінде Серіктестік қызметкерлеріне біржолғы сыйлықақы беру туралы мәселені мақұлдады. Ынталандыруды арттыру мақсатында, қолданыстағы еңбекақы төлеу Ережелеріне сәйкес, жұмыскерлердің қызмет нәтижелерін бағалау және Серіктестіктің өндірістік көрсеткіштерінің атқарылу нәтижелері негізінде Серіктестік қызметкерлеріне 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақы төленді.
Жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасында ішкі коммуникацияның бірыңғай жүйесі Ережелерінің шеңберінде Серіктестікте селекторлық кеңестер, желілік басшылардың құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесулері өткізіледі, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік жұмыс істей бастады. ЕРС-шарттардың “Тапсырыс беруші үшін қызметтер” 11.9-бөліміндегі тағам, тұру, көлік және жеке қорғаныс құралдарына төлем жүргізуге қатысты талаптарын ЕРС-мердігерлердің орындауына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Серіктестік барлық қажетті тауарлық-материалдық құндылықтармен, байланыс және интернет қызметтерімен, автокөлікті пайдаланумен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Серіктестік жүргізушілерімен қауіпсіздік бойынша күнделікті нұсқаулық жүргізіледі.
Қызылорда қаласы Өкілдігінің директоры Бас директор Серік Естайымен бірлесе отырып Сексеуілді, Ақсуат, Қараөзек, Бозой кенттерінде жөндеу-пайдалану учаскелерін аралады және сондай-ақ Мердігерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, аталған Өкілдіктің мамандарымен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С. С. Қожаниязовпен және жер ресурстарын басқару жөніндегі Комитетпен ТОБЖ құрылысына жер бөлу бойынша бірқатар мәселелер келісілді және шешілді.
Астана қаласының Өкілдік Инвестициялар жөніндегі Комитетте Серіктестік қызметкерлерінің визаларын алу жөніндегі мәселелерді шешуге, сондай-ақ Серіктестік Бас директорының төрағалығымен “Қараөзек” КС құрылыс мәселелері жөніндегі кеңес Хаттамасына қол қоюға жәрдем көрсетеді.
Б. Ә. Суанбеков 2 тоқсанға арналған келесі негізгі міндеттерді атады, олар: компания туралы ақпаратты қағаз тасығыштардан сандық тасығыштарға көшіру үшін “Интерактивті сенсорлық жабдықты” сатып алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру; Серіктестік сайтын жаңғыртуды жүргізу; бекітілген оқыту жоспарына сәйкес Серіктестік қызметкерлерін оқытуды жүргізу; “Synergy Astana” ЖШС арада “Бейнеу-Бозой-Шымкент” МГҚ 0-1454,2 км объектілерінде блокты-жиынтықты электр станцияларына, газды редукциялау тораптарына, телекоммуникациялық жабдықтарға арналған шелтерлерге сервистік қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуге келісім жасау; іссапарға шығатын және трассада орналасқан Серіктестік қызметкерлерін арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету; Бозой, Сексеуілді, Ақсуат, Шорнақ, Қараөзек вахталық кенттерін жарақтандыруды келісу.
Жиналыс регламентіне және күн тәртібіне сәйкес, Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Б.Ә. Суанбеков Серіктестіктің дамуына қосқан елеулі жеке үлесі үшін Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің аға бухгалтері И. А. Жүнісоваға алғыс хат табыс етті.