«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС жұмыскерлерінің Оқшау кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі кәсіподақ комитетінің Бас директор С.Е. Естаймен есеп беру кездесуі.

2016 жылдың 23 маусымында «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС жұмыскерлерінің Оқшау кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі- Кәсіподақ) кәсіподақ комитетінің Төрағасы Ж.Ф. Әлжанов кәсіподақ комитетінің (бұдан әрі- Кәсіподақ комитеті) құрамында Бас директор Серік Естаймен кездесу өткізді. Кездесу барысында Кәсіподақ комитетінің Төрағасы Ж.Ф. Әлжанов Кәсіподақтың 2015 жылы істеген жұмыстары мен 2016 жылғы міндеттері туралы хабарлады. Есеп беру ақпаратына сәйкес, былтырғы жыл Кәсіподақ үшін жақсы қорытындылармен аяқталды: «Мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» АҚ шарт жасалды, Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешені жұмыскерлерінің Күніне орай үстел теннисі, волейбол, шахматтан жарыстар өткізілді, туыстары мен жақындарынан айырылуына байланысты материалдық көмек ұйымдастырылды, Келісу комиссясы құрылды және келісілді. Сонымен қатар, Ж.Ф. Әлжанов Банк «Бейнеу – Шымкент» газ құбыры құрылысы» Жобасын қаржыландыруды уақытша тоқтатқандықтан (2016 жылдың 27 мамырында ғана 1 Кезең құрылысын қаржыландыру жандандырылды) жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау механизмін енгізу үшін ақшалай қаражаттарды бөлу 2015 жылы және 2016 жылдың бірінші жартысында мүмкін болмағанын атап өтті. Бұған қоса, Серіктестік 2016 жылдың 2 жарты жылдығы бюджетіне өзгертулер енгізуді жоспарлап отыр. Онда кәсіподақ қызметімен байланысты шығыстар қарастырылатын болады. Сондай-ақ, Серіктестік жұмыскерлерімен ҚР жаңа Еңбек кодексінің есебімен Ұжымдық шартты келісу және қол қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бас директор С. Естай Серіктестік еңбек ұжымын әлеуметтік қолдауды одан әрі дамыту мақсатында тез арада Ұжымдық шартқа қол қою және сондай-ақ 2016 жылдың екінші жарты жылдығына кәсіподақ бюджетін қабылдау және 2016 жылға арналған кәсіподақ жұмысының жоспарын бекіту қажеттілігін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша, Кәсіподақ Төрағасы Ж.Ф. Әлжанов қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп қана қоймай, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС жұмыскерлерінің өмір деңгейін көтеру үшін жұмысты жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye