QazaqGaz және Dragon Oil газ кен орындарын игеру және жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы келісімге қол қойды
QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және Dragon Oil (Holdings) Limited Бас атқарушы директоры Али аль-Джарван өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Келісім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында жасалды.
Қол қойылған құжат Қазақстанның газ кен орындарын игеру және жер қойнауын геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Меморандум аясында тараптар одан әрі ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеуді, сондай-ақ экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр.
Анықтама:
Dragon Oil – Emirates National Oil Company компаниялар тобына кіретін халықаралық мұнай-газ компаниясы. Dragon Oil Таяу Шығыста, Солтүстік Африка мен Каспий аймағында газ және мұнай өндіреді. Компанияның портфеліндегі негізгі активтерге Түрікменстанның оффшорлық Челекен келісім-шарттық аймағы, GUPCO-ның Мысырдағы жақында сатып алынған активтері және Ирактағы 9-блок кіреді.