Karachaganak Petroleum Operating (KPO) қоршаған ортаны ластағаны үшін 4,6 млрд теңге өндіріп алу туралы сот шешімін әзірге бұза алған жоқ.

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қоршаған ортаны ластағаны үшін Karachaganak Petroleum Operating (KPO) 4,6 млрд теңге (149,62/$1) өндіріп алу туралы төменгі сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық соттың баспасөз қызметі.

Маусым айында зиянды заттардың өз еркімен шығарылғаны үшін экологияға келтірілген залалды өтеу ретінде аталған соманы өндіріп алу туралы шешімді Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарған болатын. Алайда, Karachaganak Petroleum Operating консорциумы аталған шешіммен келіспей, Батыс Қазақстан облыстық сотының сот алқасына апелляциялық шағым берді.

Апелляциялық шағымда Karachaganak Petroleum Operating соттың іс жүргізу құқығы нормаларын бұзғанына уәждеме жасап, бірінші сатыдағы соттың шешімін жоюды, іс бойынша өндірісті доғаруды немесе талапкердің өтінішін қараусыз қалдыруды сұрады. Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес деп таныды және оның күшін жою немесе өзгерту үшін негіз таппады. Өз қаулысымен ол бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз, ал шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Өз кезегінде Karachaganak Petroleum Operating өкілдері облыстық сот апелляциялық алқасының қаулысына кассациялық шағым берді, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Атмосфераға ластаушы заттардың ерікті және нормативтен тыс шығарындылары нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу туралы талапты Жайық-Каспий экология департаменті берген болатын.

Бұл бұзушылықтар компанияда экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша жүргізілген жоспардан тыс инспекциялық тексеру барысында анықталды. Тексеру нәтижесінде 2010 жылдың IV тоқсанында стационарлық көздерден ерікті және нормативтен тыс шығарындылар 214 тоннаны құрағаны анықталды. Сонымен қатар, 2011 жылдың І-ІІІ тоқсандары ішінде компанияның стационарлық көздерден өз бетімен және нормативтен тыс шығарындылар 60 тоннаны, алауларда газды жағудан өз бетімен және нормативтен тыс шығарындылар – 43 тоннаны құрады.

Karachaganak Petroleum Operating халықаралық консорциумы 1997 жылы қол қойылған және ӨБК 40 жылға есептелген Қарашығанақтағы кен қазуды жүзеге асырады. Қарашығанақ кен орны – әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі, мұнай қоры 1,2 млрд тоннаны, газ-1,35 трлн текше метрді құрайды.

Консорциумның қатысушылары BG Group (29,25% үлеске ие), Eni (29,25%), Chevron (18%), ЛУКОЙЛ (13,5%) және “ҚазМұнайГаз” (10%) болып табылады.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye