QazaqGaz компаниялар тобының жұмыскерлері арасында жазғы Спартакиада басталды
2023 жылғы 23 маусымда QazaqGaz компаниялар тобының қызметкерлері арасында жазғы Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Санжар Жаркешов сөз алып, жарыстар басталды деп салтанатты түрде жариялады.











