Жазғы спартакиада
20, 21 маусым күндері Астанада QazaqGaz ұлттық компаниясының кезекті Жазғы спартакиадасы өтті. Спорт додасына ұлттық компанияға қарасты еншілес ұйымдардан 10 спорт командасы қатысты. “Бейнеу-Шымкент газқұбыры” компаниясы спорттың 13 түрінен бақ сынап, 9 медаль және 1 арнайы сыйлықты иеленді! Ең көп жүлде жүзуден бұйырды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!
I орын – Жүзу – Олеся Афонина
II орын – Жүзу – Гүлнарайым Парымбек
II орын – Жүзу – Жанна Досқараева
II орын – Үстел теннисі- Аружан Жастарова
II орын – Шахмат – Раушан Амангельдиева
III орын – Жүзу – Айжан Сапарова
III орын – Жүзу – Дәурен Қуанышев
III орын – Жүзу – Асылжан Қабдолла
III орын – Армреслинг – Светлана Игнатович
Үздік шабуылшы ️ – Расим Шавкетов











