«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС
Бас директорының бірінші орынбасары
Дастан Жексенбайдың үндеуі
Құрметті әріптестер!
Әлемдік қауымдастық жыл сайын 28 сәуірде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін атап өтеді. Біздің компаниямыз үшін бұл жай ғана күн емес, бұл әр қызметкердің өмірі мен денсаулығы біз үшін ең жоғары құндылық екенін атап өтудің маңызды себебі.
Қауіпсіздік – біздің бұлжымас басымдығымыз. Біз қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде дамытып, бұл ретте қажетті процестерді жетілдірудеміз және тәуекелсіз жұмыс істеу үшін барлық жағдайды жасаудамыз. Бұл жүйеде әрбір адамның жеке жауапкершілігі шешуші рөл атқарады: яғни регламенттерді сақтау, өзіне мұқият қарау және әріптестеріне қолдау көрсету.
Мен сіздерді қырағылық танытып, қауіпсіздікті әрдайым бірінші орынға қоюға шақырамын. Біздің ортақ мақсатымыз – әр қызметкердің үйіне аман-есен оралуын қамтамасыз ету.
Сіздерге зор денсаулық, қауіпсіз жұмыс және жаңа кәсіби табыстар тілеймін!
