«БЕЙНЕУ-ШЫМКЕНТ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ЖШС 15 ЖЫЛ

Құрылыс

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне бағытталған табиғи газ құбырының батыс нүктесі Бейнеуден басталып, шығысқа қарай Шымкентке дейін созылып, Орта Азия-Орталық, Бұхара-Орал бағыттарын қоса алғанда, бес негізгі магистральдық газ құбыры және Бозой газ қоймасы өзара түйісіп, қосылды. Жоба аясында «бүкіл аумақты қамтитын бір желі – алты қосылыс» жүйесі іске асып, ұлттық деңгейдегі энергетика торабы қалыптасты. Нәтижиесінде, батыс өңірдегі Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сынды әлемдік деңгейдегі ірі газ кен орындарының ресурстарын, экологиялық таза энергияны Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарына және ел астанасы Астанаға жеткізуге жол ашылды.

  Құбыр желісі жылына 15 млрд текше метр газ тасымалдай алатын 6 заманауи компрессорлық станция, 3 интеллектуалды өлшеу станциясы бар біртұтас технологиялық жүйемен жабдықталған. Нәтижесінде, елдің негізгі экономикалық аймақтарын қамтитын көпдеңгейлі энергетикалық қауіпсіздік жүйесі құрылды. Бұл жоба Қазақстанның энергетикалық жүйесіндегі баламасыз стратегиялық тірекке айналды.

  Сонымен қатар, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында құбырдың қауіпсіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында 4 жөндеу-пайдалану орталығы мен 5 вахталық кент салынды.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye