«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Түркістан» компрессорлық станциясы жұмысын бастады.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.

2018 ж. 20 желтоқсан

«ҚазТрансГаз» АҚ Ұлттық операторы «Түркістан» компрессорлық станциясын пайдалануға қосты. Оның құрылысы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының өткізу қабілеті жылына 10 млрд.м3-тен жылына 15 млрд.м3-ке дейін арттыру жөніндегі инвестициялық жобаның аясында іске асырылды.

Станцияны іске қосу салтанатты рәсіміне  Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры В. Хван қатысты.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі: Бұл біздің өңіріміз үшін экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік жағынан да өте маңызды оқиға. Түркістан облысы жылына 2,5-3 млрд текше метр газ тұтынады. Осы нысанның іске қосылуымен өңірді көгілдір отынмен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді. Бұл озық технологиямен жабдықталған инновациялық нысан. Нысанның пайдалануға берілуі жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. 50 шақты адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

«Түркістан» жоғары технологиялық компрессорлық станциясы Түркістан мен Қызылорда облыстарының аумағында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ магистралінің бойында биыл «ҚазТрансГаз» АҚ салған компрессорлық станциялардың бірі болып табылады. Осының алдында, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында, Ұлттық газ операторы  «Арал» КС де іске қосқан болатын.

Жаңа станциялардың жұмысы газ және газбен жабдықтау саласындағы  Ұлттық операторға жыл сайын өсіп отырған қажеттіліктерді жабу үшін, әсіресе жылыту кезеңіндегі ең көп жүктеме кезінде Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне газды іркіліссіз тасымалдау процесінің барынша сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда, республиканың оңтүстігінің көгілдір отынға деген қажеттілігі шамамен жылына 5 млрд текше метр газды құрайды.

Бұған қоса, «Орталық Азия – Қытай» трансазиялық магистральдық газ құбырына берілетін көлемдер айтарлықтай өседі, ол ҚХР-ға қазақстандық газды экспорттау көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Компрессорлық станцияларды салу кезінде пайдаланылған  инновациялық жабдық, сондай-ақ көмекші жүйелер кешені, магистральдық газ құбырын пайдаланудың бүкіл кезеңінде қауіпсіз әрі технологиялық тұрғыдан іркіліссіз тасымалдауды қамтамасыз ете алады.

Газ инфрақұрылымының жаңа объектілері магистральдық газ құбыры өтетін аудандарда тұратын қазақстандықтарды жұмыспен қамту проблемасын шешуге көмектеседі. Іске қосылатын компрессорлық станциялар, басқа да газ тасымалдау объектілері сияқты, оңтүстік өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуда маңызды рөлге ие болмақ.

Анықтамалық ретінде: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы ірі құбырлық жоба болып табылады және мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда маңызды рөл ойнайтын болады. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГ-ны салудың арқасында Қазақстан 3 маңызды міндетті шешеді – оңтүстікке газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, елдің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру және қазақстандық газды сыртқы нарыққа экспорттауды арттыру.

Анықтамалық ретінде:  “«ҚазТрансГаз” АҚ («ҚазМунайГаз» ҰК АҚ-ның құрамына кіреді) мемлекттің мүддесін отандық газ нарығында, сондай-ақ шетелдік газ нарығында да білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газ энергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания магистарльдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тауарлық газды тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық тарнзитті қамтамасыз етеді, ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.

“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,

байл. тел: +7(7172)-55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye