Қызылордада «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының Орталық диспетчерлік басқармасы жұмысын бастады.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Қызылорда қ.

2018 ж. 14 қараша

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Қызылорда қаласында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбыры (бұдан әрі – «ББШ» МГҚ) трассасының бойындағы Орталық диспетчерлік басқарманы (бұдан әрі – ОДБ) пайдалануға енгізді.

Орталық диспетчерлік басқарма – бұл «ББШ» МГҚ объектілерінің қауіпсіз әрі сенімді жұмысы үшін барлық қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және беру функцияларын орындайтын жоғары технологиялық, компьютерлендірілген кешен. Оның функциясына нақты уақыт режимінде «ББШ» МГҚ объектілерінің жұмысына дистанциялық бақылауды және мониторинг жүргізуді жүзеге асыру кіреді.

«ББШ» МГҚ-да газ тасымалдауға бақылау жасау және оны басқару үшін SCADA жүйесі енгізілген болатын, ол online режимінде компрессорлық  станциялардың параметрлеріне бақылау жасайды және газ құбырының барлық  объектілерінің арасындағы деректерді беруді және олармен алмасуды қамтамасыз етеді. SCADA жүйесі жетекші дүниежүзілік өндірушілердің ең жаңа жабдықтарымен жарақталған.

Әдеттен тыс оқиғалар жағдайында және технологиялық жабдықтың параметрлердің шегінен шығып кеткен жағдайында, жүйе ауытқуға дереу ден қояды және аварияның басымдық деңгейіне қарай, ОДБ-ға шұғыл хабарлама береді. Бағдарламаның функцияларында істен шыққан элементтерді бұғаттау, тіпті оларды өшіру мүмкіндігі бар. Егер авария әйтсе де болған болса, жедел бригада қажетті құрал-жабдықтардың, қосалқы, жинақтаушы бөлшектердің тізімімен, қандай оқиға болғанын алдын ала біле отырып, авария болған жерге шығады. Бұл дегеніміз жөндеу жұмыстарына аз уақыт жұмсауға және аварияны толықтай жоюға мүмкіндік береді.

Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ, Мемлекет басшысы бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында, инновациялық цифрлы технологияларды тәжірибе жүзінде Қазақстанның газ саласында кеңінен ендіруде.

Қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автоматтандыру мен басқарудың қазіргі құралдары енгізілуде. Қызылорда қаласындағы Орталық диспетчерлік басқарма «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының Бірыңғай диспетчерлік басқару жүйесінің құрамына кіреді.

Анықтамалық ретінде: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ірі құбырлық жоба болып табылады және ол мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруда  маңызды рөлге ие. «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ салудың арқасында Қазақстан 3 маңызды міндетті шешіп отыр – оңтүстікке газды тұрақты жеткізуді қамтамасыз ету, еліміздің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру және сыртқы нарыққа шығарылатын қазақстандық газ экспортын ұлғайту.

Құбыр диаметрі 1067 мм болатын газ құбырының маршруты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтары арқылы өтеді.

«Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС Қазақстанның заңнамасына сәйкес екі мемлекеттің тең үлестік қатысуы негізінде құрылған. Құрылтайшы болып Қазақстандық тараптан «ҚазТрансГаз» АҚ, қытай тарапынан – Trans-Asia Gas Pipeline түсіп отыр.

“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,

байл. тел: +7(7172)-55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye