Қазақстандық ұлттық компаниялардың 2017 жылғы таза табыстары бойынша рейтингі.
Шолуға қазақстандық экономиканың 9 алдыңғы қатарлы өкілдері кірді. Аталмыш компаниялар экономиканың түрлі салаларында жұмыс атқаратын шикізат, қаржы және қаржы институтына жатпайтын секторлардың өкілдері болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындардың нәтижелілігіне әдетте мемлекеттің экономикалық саясатаның табысы тәуелді деп есептейді «MLS-Group» ЖШС. Компанияның талдаушылары ұлттық компаниялардың 2017 жылғы таза табыс бойынша рейтингін құрастырды. Шолуға қазақстандық экономиканың алдыңғы қатарлы 8 өкілдері кірді.
Қазақстанда акционерлік қоғамдар, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың компаниялары жыл қорытындысын шығаруды аяқтау үстінде және 2017 жылдағы қызмет туралы жылдық есептерді жариялауда. Барлық келтірілген мәліметтер ашық көздерден алынды.
Қорытындыларға сәйкес, былтырғы жылы отандық бизнестің басым өкілдері кірістер бойынша елеулі табысқа және экономикалық серпіліске қол жеткізе алған жоқ. Көпшіліктерінің рейтингтері төмен күйінде қалды. Қаржы талдаушылары бұл әлі де келеңсіз әлемдік қаржылық үдерістерге және жалғасып жатқан нарықтың құбылмалылығына байанысты деп есептейді. Әйтсе де, компанияларға және акционерлерге елеулі табыстар әкелген рейтингтің көшбасшылары анықталды.
Шолуға қазақстандық экономиканың 9 алдыңғы қатарлы өкілдері кірді. Аталмыш компаниялар экономиканың түрлі салаларында жұмыс атқаратын шикізат, қаржы және қаржы институтына жатпайтын секторлардың өкілдері болып табылады.
Қазақстанның шикізат секторында мейлінше табысты «ҚазМұнайГаз» АҚ Ұлттық компаниясы болып табылады. Ұсынылған есепке сәйкес, былтырғы жылы компанияның таза табысы (еншілес компаниялардың есебімен) 519 млрд 526 млн теңгені құраған, бұл 2016 жылға (360 млрд 171 млн) қарағанда 1,5 есе артық. Өткен жылы қара алтынның бағасы тұрақтандырылды, бұл ҚМГ менеджерлері үшін аса жағымды жаңалық болды. Алайда кірістің ұлғаюына еншілес компаниялардың басты рөлі себеп болды.
Бұл секторда өткен жылғы таза табысы – 74 млрд 523 млн теңгені құраған «ҚазТрансГаз» АҚ әлі көш бастап тұр. Ұлттық газ компаниясы соңғы жылдардағы тиімді стратегиялық басқару жүйесін көрсетті, мұны 2017 жылы Қытайда отандық газ үшін жаңа экспорттық бағыттың ашылуы куәландырады. Бұған қоса, «ҚазТрансГаз» АҚ есебінде компанияның ішкі нарыққа көгілдір отынды өз бағасынан төмен сататындығы нұсқалған. Тек соңғы үш жылдың ішінде газ операторының табыстың басқа көздері есебінен қазақстандық тұтынушыларға берілген дотациялары 168 млрд теңгені құраған.
Одан кейін рейтингте «Самұрық- Қазына» мемлекеттік холдингіне кіретін қатты пайдалы қазбаларды өндіру және байытуға маманданған «Тау-Кен Самұрық» ҰТК АҚ өнеркәсіп компаниясы орналасқан. 2016 жылғы 37 млрд 400 млн теңгемен салыстырғанда, былтырғы жылы ол кірісті ұлғайтып, 56 млрд 600 млн теңге пайда тапты. Компанияға негізі кірісті әлемдегі тұрақты және сенімді валюта болып табылатын алтын өндірісі алып келді.
Рейтингтің келесі орнында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тағы бір еншілес ұйымы, мұнай тасымалымен айналысатын «ҚазТрансОйл» АҚ орналасқан. Компания 2017 жылы 50 млрд 117 млн теңге мөлшерінде таза табысқа қол жеткізді, бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 12,6% асады.
Өз табысын төмендеткен тағы бір монополист, ақпараттық-коммуниациялық қызметтер саласындағы негізгі компания – «Қазақтелеком» АҚ. Компанияның өткен жылдың 9 айындағы табысы 32 млрд 337 млн теңгені құрады. Жылдық есептегі жиынтық сома 2016 жылдың көрсеткішінен аспасы анық, ол жылы компания 63 млрд 779 млн теңге қаражат тапқан болатын.
Еліміздегі көлік және логистика өкілі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ табысы 2016 жылмен салыстырғанда елеулі түрде азайды. Компания жыл нәтижесі бойынша толық есепті жариялап үлгерген жоқ, дегенмен 9 айдың қорытындысы бойынша теміржол тасамылдаушысы 23 млрд 506 млн теңге кіріс түсірген, бұл көрсеткіштің 2016 жылғы 41 млрд теңге сомадан асуы екіталай.
Электр қуаты саласында бәсекелестері жоқ табиғи монополист «KEGOC» АҚ өткен жылдың 6 айында 17 млрд 758 млн теңге таза табысқа ие болды. Бұл мәліметтерге сүйенсек жылдық нәтиже 2016 жылғы 27 млрд 590 млн теңге табыстан аса көп болмайды.
Әуе тасымалы саласында өсіп келе жатқан бәсекелестікке қарамастан, «Эйр Астана» АҚ бұл бағыттағы айқын көшбасшы болып табылады. Компания 2017 жылдағы қаржылық есептілікті әлі жариялаған жоқ, дегенмен 9 айдың қорытындысы бойынша компания табысы 10 млрд 750 млн теңгені құраған.
2016 жылы компанияның кірісі 6 млрд 494 млн теңге болды. Тасымалдаушыға Астана қаласында өткен ЭКСПО дүниежүзілік көрмесінің өткізілуі оң әсерін тигізді, нәтижесінде елімізге келген саяхатшылардың ағымы ұлғайып, әуе рейстерінің саны өскен.