2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша" ҚазТрансГаз" АҚ өндірістік және қаржылық көрсеткіштерін арттыруда.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.

2018 ж. 13 Сәуір

2018 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясы 41.6 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда алды, ол былтырғы жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 15.4 млрд. теңгеге немесе 59%-ға артық.

Есепті кезеңде сатылған газ көлемі 7.1 млрд. текше метрді құрады, ол былтырғы жылғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 1.1 млрд. текше метрге немесе 18%-ға жоғары. Бұл ретте, газды экспортқа өткізудің өсімі 486 млн. текше метрді құрады, ол өткен жылдың қазан айынан қазақстандық газды ҚХР-ға экспорттаудың басталуымен негізделіп отыр.

Газды магистральдық құбыр желілері арқылы тасымалдау ағымдағы жылдың I тоқсанында 26.8 млрд. текше метрді құрап, оң динамиканы көрсетті, ол 2017 жылдың I тоқсандағы көрсеткіштен 1.2 млрд. текше метрге артық.

«ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құрамына кіреді) отандық және шетелдік газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін Қазақстан Республикасының негізгі газэнергетикалық және газ тасымалдау компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері бойынша тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және газды ішкі және сыртқы нарықтарда сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ қоймаларын салу, пайдалану және қаржыландыруды жүзеге асырады.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: +7(7172) 55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye