«ҚазРосГаз» ЖШС-ның 50 % үлесі «ҚазТрансГаз» АҚ-ға сенімгерлік басқаруға берілді.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.

2015 ж. 26 маусым

«ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ (ҚМГ) «ҚазРосГаз» ЖШС-дағы 50% қатысу үлесін «ҚазТрансГаз» АҚ-ның (ҚТГ) сенімгерлік басқаруына беру жөнінде шешім қабылдады. Аталған шешімді «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқармасы 2015 жылғы 18 маусымда қабылдады.

Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы болып табылатын «ҚазТрансГаз» АҚ аталған бірескен кәсіпорынның қызметін елімізді газбен жабдықтау жөніндегі біріңғай тәсілдеме шеңберінде басқаратын болады.

«ҚазРосГаз» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ұлттық компаниясы мен  «Газпром» ААҚ арасында тепе-тең негізде құрылған, 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін тиімді орындау мақсатында құрылған серіктестік.

Компанияның негізгі міндеттері: газ маркетингін, оны өңдеуді, ішкі және сыртқы нарықтарға газ бен оны қайта өңдеу өнімдерін тасымалдауды, өткізуді қоса алғанда, қазақстандық табиғи газбен операциялар жүргізу болып табылады.

«ҚазРосГаз» компаниясының қызметі әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнында өндірілетін газды кәдеге жаратуға байланысты.
Кен орнын өңдеуді  «ҚарашығанақПетролиумОперейтинг Б.В.» консорциумы жүргізеді.

Анықтама: 2014 жылы «ҚазРосГаз» ЖШС Орынбор газ-химия кешенінің қуаттарында 8 594 млн. текше метр көлемінде Қарашығанақ кен орнының шикі газын өңдеуді өзіне қабылдап, қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасы ішкі нарығының тұтынушылары үшін газ жеткізу көлемі 2014 жылы 5 914 млн. текше метрді құрады.

«ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.

“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,

байл. тел: +7(7172)-55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye