Түркістандағы 400 үй табиғи газ ала бастады.
Түркістандағы 400 үй табиғи газ ала бастады.
Үйлерді газбен жабдықтау жүйесіне қосу салтанатты түрде өткізілді. Түркістанды газдандыру 2014 жылдың наурыз айында басталған болатын. Ол кезде газ 600 үйге жеткізілді. Енді газ пайдаланатын адамдардың жалпы саны 5000 адамды құрап отыр. “Бүгін біздің үйімізде газ пайда болды. Қуаныштымын.Тіпті алғыс айту үшін сөз таппай отырмын”, – дейді жергілікті тұрғын Балауса Айтбаева.
Бұрын жүздеген отбасы газ баллондарын сатып алып, үйлерін көмірмен жылытатын. Енді ондай қиыншылықтарды ұмытуға болады. “96 мың құма метр газ құбыры салынды. 18 ШРП 1 ГРП, 2 ПГБ салынды. Газ тарату желілерін салу кезінде заманауи технологиялар, жоғары технологиялық техника пайдаланылды. Сонымен қатар, компанияның жаңа техникалық саясаты бойынша қала ішіндегі газ желілерінің құрылысы жер астында жүргізілуде”, – деді “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ ОҚӨФ директорының орынбасары Қайрат Әуезов.
2013 жылы “ҚазТрансГаз Аймақ” компаниясы “Бейнеу-Бозой-Шымкент” магистральдық газ құбырынан Түркістан қаласына жеткізуші газ құбырын салған болатын.
Жалпы 22 км жоғары қысымды газ құбыры салынды.