«БЕЙНЕУ-ШЫМКЕНТ ГАЗ ҚҰБЫРЫ» ЖШС 15 ЖЫЛ
Компания туралы
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2011 жылдың 18 қаңтарында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы Келісімді жүзеге асыру мақсатында, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу және пайдалануды іске асыру үшін құрылды. Компания қатысушылары – «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ – 50% және Trans-Asia Gas Pipeline Company Limited – 50%.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының энергетика саласындағы ынтымақтастығын кеңейту үшін жүзеге асырылып жатқан жетекші стратегиялық жобалардың бірі. Бастапқыда ол Қазақстан халқының өмірін жақсартуға, еліміздің солтүстігі мен батысынан оңтүстікке және шығысқа газ жеткізуді қамтамасыз етуге, құбыр бойындағы аймақтарды газдандыру мәселесін шешуге және оңтүстіктегі табиғи газ тапшылығын жоюға бағытталған жоба ретінде қарастырылды. 2017 жылдан бастап Қазақстанның батыс өңіріндегі газ ресурстары Қытайға экспорттала бастады. Бұл екі ел арасындағы энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға және Қытай мен Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиялық маңызын одан әрі нығайтуға ықпал етеді.






