Өзін және жақындарын қорғау: газ саласының қызметкерлері - вакцинация бойынша көшбасшылар

Бүгінгі таңда COVID-19 вакцинациялау науқанына қатысу саналы және белсенді азаматтық ұстанымның айқын көрінісі. Коронавирустық инфекцияның тағы бір күшті толқыны бүкіл әлемді дүр сілкіндірді және оны тоқтатуға, яғни өмірдің қалыпты жағдайына оралуға тек  жалпы халықтық вакцинация ғана  көмектеседі.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» компаниялар тобы  індеттің алдын алу бойынша батыл шаралар қабылдап,  вакцинациялау мәртебесіне тұрақты мониторинг жүргізіп, аталған мәселеге өте жауаптылықпен қарайды. Бүгінгі таңда вакцинаны 190 727 адам алды, бұл қор компаниялары тобының жалпы қызметкерлер санының 69,3% құрайды. Вакцинаның екінші компонентін 153 761 жұмысшылар алды, бұл  55,9%  құрайды.

Қордың барлық  компаниялары арасында салыстыру бойынша көшбасшылардың бірі «ҚазТрансГаз» АҚ болды, онда вакцинацияланған қызметкерлердің жалпы саны бүгінгі күні 10 981 адамды немесе 87%  құрайды.

Әсіресе, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» МГҚБ ерекше көзге түсті, мұнда қызметкерлердің 97,6% коронавирусқа қарсы вакциналарды уақытылы алды. Екінші орынды «Қостанай» МГҚБ иеленді,  онда вакцинацияланған қызметкерлердің көрсеткіші 96%  құрайды. «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры атынан «Шымкент» МГҚБ және «Қостанай» МГҚБ  қызметкерлеріне алғыс хаттар жіберілді.

Сонымен қатар, газ саласының қызметкерлері салауатты өмір салтын сақтауға арналған спорттық құрал-жабдықтарды сыйлыққа алды.

Компания атынан сыйлықтар Полторацкий, Ақбұлақ ЖӨБ, «Түркістан» КС және «Шорнақ» ЖПУ қызметкерлеріне және барлық газ тарату шаруашылықтарына берілді.

Отандық газ саласының қызметкерлері өткен жылы, қыста және жазда локдаун кезінде қазақстандықтарға көгілдір отынды толассыз беруді, сондай-ақ газдың транзиті мен экспорттық жеткізілімін жүзеге асырғанын атап өткен жөн. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы бойынша қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы күнге дейін ең қатаң шаралар қабылданып, орындалу барысында.

Қорытындылай келе, вакцинациялау ерікті түрде  жүргізілетіндегіне  назар аударғым келеді. Бірақ дәл бүгінгі күні вакцинация азаматтық ұстанымның кемелдену дәрежесінің және «Самұрық-Қазына» АҚ Холдингінің әрбір қызметкері тарапынан өз денсаулығына саналы көзқарастың көрсеткіші болып табылады.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye