ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Астана |
2016 жыл 6 қыркүйек |
Бүгін, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қолдарын қойды, оның мақсаты Қазақстан Республикасының энергетикалық саласы алдында тұрған стратегиялық бастамаларды іске асыру үшін ықтимал мүмкіндіктерді бірлесіп зерделеу болып табылады. Меморандум тараптардың ұзақ мерзімді өзара пайдалы әріптестікті нығайтуға бағытталады және одан арғы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін анықтайды.
Меморандумға қол қою рәсіміне ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев, «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Рүстем Сүлейманов және «Шелл» концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун қатысты.
Меморандум шеңберінде газды өндіру мен мұнайгаз-химия нарықтарын зерттеу саласында ынтымақтастық, қазақстандық кен орындарының мұнай беру көлемін жоғарылату әдістерін зерттеу, тәжірибе мен жаңа технологиялармен алмасу, сондай-ақ энергияның жаңартылатын көздері саласында жобаларды дамыту ықтималдығын зерттеу жоспарланып отыр.
«Шелл» компаниясымен, «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» компанияларымен меморандум жасасу мемлекеттік және коммерциялық сектормен әріптестік орнатуының жағымды үлгісі болып табылады. Біз, қазақстандық мұнай-газ саласындағы мамандардың білімі және «Шелл» компаниясының халықаралық тәжірибесі елімізде өндірісті жан-жақты дамытатын энергетикалық нарық құруға мүмкіндік береді деп сенеміз, бұл жалпы алғанда ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілігіне өзінің тиімді әсерін тигізеді, – деді өз баяндамасында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
«Қол қойылған меморандум шеңберінде біздер мұнай-газ саласындағы қолда бар объектілерді дамытудың ықтимал мүмкіндіктерін зерттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды, Қазақстанның өндіру саласын дамытудың жол картасы шеңберінде «Шелл» компаниясымен бірлескен жұмыстарды жалғастыруды, сондай-ақ энергетикалық технологиялар саласында және жалпы тұрақты энергетиканы дамытуда тәжірибемен алмасуды жоспарлап отырмыз» – деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президенті Сауат Мыңбаев.
«Біз «Шеллдың» Қазақстан Республикасына келгеннен бергі көп жыл ішінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде орнаған өзара қарым-қатынасын өте жоғары бағалаймыз. Біздің компания ҚазМұнайГазбен және Қазақстан Республикасымен стратегиялық әріптестікті бұдан әрі нығайтуға ниетті. Біз, Энергетика министрлігі, ҚазМұнайГаз және ҚазТрансГаз арасында қол қойылған меморандум арқасында елдің мұнай-газ секторының дамуына қосымша үлес қосуға мүмкіндігіміз болғанына қуаныштымыз. Біз барынша қолдау көрсетуге және газды қайта өңдеу бойынша мүмкіндіктерді зерделеу үшін, мұнай беруді жақсарту және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды іске асыруда өзіміздің техникалық алдыңғы қатарлы тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», – деді өз сөзінде «Шелл» концернінің мұнай және газды барлау мен өндіру бойынша атқарушы директоры Эндрю Браун.