«ҚазТрансГаз» АҚ «Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты парламенттік тыңдауларға қатысты.
ҚР Парламентінің Мәжілісінде төменгі палата төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының басшысы Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстанның мұнай-газ секторын дамытудың проблемалары мен перспективалары» атты парламенттік тыңдаулар өтті. Палатаның Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті тыңдаулардың ұйымдастырушысы болып әрекет етті.
Іс-шараға «ҚазТрансГаз»-ның өкілдері қатысты. Тақырыптық көрмеде Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор тыңдаулар басталар алдында есепті кезеңдегі жұмыстың көрсеткіштерімен және іске асырылып жатқан жобаларды, атап айтқанда Республиканы газдандырудың бас схемасының орындалуы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырын салу, «Қазақстан-Қытай» газ құбырының транзиттік әлеуетін ұлғайту жөніндегі жобаларды және отандық автокөлікті сығымдалған табиғи газға көшіру саласындағы жұмысты сипататумен стенд көрсетті.
Тыңдауларда отандық мұнай-газ секторындағы ахуал туралы негізгі баяндамамен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, Энергетика министрі Владимир Школьник, Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов, Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, сондай-ақ еліміздің мұнай-газ секторында жұмыс істейтін компаниялардың өкілдері сөз сөйледі.
Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, Қазақстан өзінің жер қойнауынан әлі 83 жыл бойы газ өндіре алады. Бұл ретте, ол елімізде газ өндіру серпінді өсіп келе жатқанын, оның көлемі 43,2 миллиард текше метрге жеткенін және геологиялық ресурстарды ескере отырып, ауқымды даму перспективалары бар екенін атап өтті. Вице-премьердің сөзінше, Үкіметті осы саладағы негізгі күш-жігері газ инфрақұрылымын дамытуға және оңтүстік өңірлерге газ жеткізілімдерін әртараптандыруға бағытталған. Осыған байланысты газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асырылуда. Елді газдандырудың бас схемасы әзірленді, оған сәйкес халықты газдандыру деңгейі 2030 жылға қарай қазіргі 42%-дан 56%-ға дейін жетеді, ал газдандырылған елді мекендердің саны 1150-ден 1600-ге дейін артады. Бұл ретте тұтынылатын газ көлемі 2014 жылғы 12,4 млрд текше метрден 2030 жылы 18 млрд. текше метрге дейін өседі.
Энергетика министрі Владимир Школьник хабарлағандай, Астана мен Алматының автокөлік құралдарының жартысы 2030 жылға қарай газға көшірілетін болады. «2030 жылы 60 млрд. текше метр көлемінде газ өндіру күтіледі, тауарлық газ өндіру – 21 млрд, газ тұтыну – қазіргі 12-ден 18 млрд. Сондай-ақ қазақстандық газдың экспортын қысқарту, оны ішкі нарыққа қайта бағдарлау, Алматы және Астана қалаларында мотор отыны ретінде газды пайдалану деңгейін 50%-ға, облыс орталықтарында – 30%-ға жеткізу жоспарланып отыр.», – деді Энергетика министрі.
Мәжілісмен, парламенттік тыңдауларды дайындау жөніндегі арнайы уақытша комиссияның жетекшісі Шавқат Өтемісов еліміздің мұнай-газ секторы алдында тұрған өзекті мәселелер және жақын арада парламентте талқыланатын осы саладағы заң жобалары туралы айтты. Тыңдаулардың қорытындылары бойынша Қазақстанның мұнай-газ секторына қатысты заңнамалық актілермен одан әрі жұмыс жүргізу үшін тиісті ұсынымдар қабылданды.