ҚазТрансГаздың перспективалы мамандары Бірыңғай кадрлық резервке енді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Бірыңғай кадрлық резервін қалыптастыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде қоғам Басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаев пен ҚМГ Басқармасы мүшелерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша Бірыңғай кадрлық резервке алынған қызметкерлермен кездесуі өтті.

Бірыңғай кадрлық резерв бағдарламасының негізгі мақсаты басқарудың сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, болашақ басшыларды нысаналы және жүйелі түрде дайындау, сондай-ақ үздік қызметкерлерге ҚМГ компаниялар тобында дамып, мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер жасау болып табылады. Кадрлық резервтің қатысушылары «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде объективтілік пен ашықтықты қатаң сақтауда конкурстық іріктеуден өткен қызметкерлері болып табылады.

kard_rez_1

Барлығы 99 кандидат қамтылды, оның ішінде комиссиялардың ассессмент бағалауы мен қарауы кезінде 30 адам іріктеп алынды. ҚМГ Басқармасының шешімімен 30 резервист тізімі бекітілді, оның ішінде 18 кандидат – Корпоративтік орталықтың қызметкерлері және 12-сі – ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері. Әрбір резервист бойынша жеке жоспар бекітіліп, онда одан әрі даму саласы мен құзыреті айқындалды. Сондай-ақ, әрбір резервист үшін мансаптық жоспар бекітілгені, одан әрі қызметтік өсу саласы айқындалғаны туралы айта кету керек.

«ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобынан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Бірыңғай кадрлық резервіне 7 адам алынды. Олардың қатарында мыналар: «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бизнес-жоспарлау және экономкалық талдау департаментінің жетекші маманы Ермек Жылкишиев,«Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның 1-ші санатты ЭХҚ инженері Азамат Құлмұхамбетов, «ҚазТрансГаз» АҚ-ның газ бизнесін дамыту жөніндегі департаменті директорының орынбасары Сабина Тоқаева, «Амангелді Газ» ЖШС құқықтық қамтамасыз ету және активтерді басқару қызметінің басшысы Болат Хожбанов, «Амангелді Газ» ЖШС өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Дәулет Мұсаев, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Болат Сапарбек, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС сатып алу және мониторинг департаментінің жетекші маманы Дамир Майкеев бар.

kard_rez_2

Сауат Мыңбаев жиналғандарды Бірыңғай кадрлық резервке алынуларымен құттықтады. Кездесуге қатысушыларды құттықтай отырып, ол ҚМГ-ны ұзақ мерзімді дамыту бағыттарының бірі кадр резервін даярлау болып табылатынын, ол өзіне заманауи құзыреттері бар жаңа форматтағы басшыларды даярлау мақсатында перспективалы жас көшбасшыларды іздестіруді қамтитынын атап өтті. Бизнесті трансформациялау шеңберінде ұлттық компанияның басшылығы өздерінің қажырлы еңбегімен және жоғары біліктілігімен олар ҚМГ алдына қойылған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді іске асыруда зор үлес қосатындықтан, резервтегілерге үлкен сенім артады. Компания, өз кезегінде, резервистерді оқыту мен дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасайды.

Кездесуде басқарушы директорлар – резервистерді ұсынған комиссия мүшелері сөз сөйледі. Сондай-ақ, іс-шараға «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ адами ресурстарды басқару жөніндегі басқарушы директоры Д. Крюсберг қатысты.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye