Сарапшылар Қазақстанның ұлттық компанияларындағы трансформациялаудың табыстылығын бағалады.

Сарапшылар Қазақстанның ұлттық компанияларындағы  трансформациялаудың табыстылығын бағалады

Зерттеу барлық ұлттық компаниялар өз бизнесін оңтайландыруды азды-көпті жүзеге асырып жатқанын және оларды трансформациялау шамамен бірдей серпінмен жүріп жатқанын, алайда озық шығуға үміткерлер де бар екенін көрсетті.

1«Рейтинг+» қазақстандық агенттігі қолайсыз қаржы-экономикалық ахуал жағдайында бизнесті неғұрлым тиімді оңтайландырған ұлттық компанияларды анықтау мақсатында зерттеу жүргізді. Сараптау тобының ең жоғары бағасын (7,1) Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ алды. Одан кейін, аздап кейінге қалумен –  «ҚазПочта» АҚ (7 балл), содан соң «СамұрықЭнерго» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 6,9 балл алды. 2

«Қалған ұлттық компаниялар «орташалар» тобына кіріп, олқылық шегінде (4%) орналаса отырып, орташа мәні 6,7 баллдан алды. Осылайша, нағыз көшбасшылар мен нағыз аутсайдерлер анықталған жоқ», – деп атап өтті сарапшылар.

Сарапшылар тоқтаған ең қызықты тұжырым ұлттық компанияларда «трансформация» деген ұғымға бірыңғай түсініктің жоқтығында. Мақсатты, міндеттер мен алынған нәтижелерді әр компания өзінше түсінеді.

Егер бір компания үшін трансформация дегеніміз – бұл бизнес-процестерді оңтайландыру болса, басқасы үшін – шығыстарды азайту, үшіншісі – персоналды оқыту, төртіншісі – басқару тұрғысынан трансформациялауға қатысы мүлдем шамалы көрсеткіштер жиынтығы деп біледі.

Сонымен қатар, зерттеуде атап өтілгендей, «ҚазПочта» АҚ озық ақпараттық технологияларды енгізумен, «СамұрықЭнерго» – бизнес-процестерді оңтайландырумен, «ҚазМұнайГаз» – сауатты қаржы операцияларымен және мұнай бағасының төмендеуі жағдайдында «балластан» арылумен көзге түсті. Рейтинг бойынша «ҚазТрансГаз» АҚ-ның көшбасшы орынға ие болуына мүмкіндік берген шешуші фактор – оның мықты стратегиялық менеджменті екенін атап өтті талдаушылар.

Сол мезетте, сараптамалық бағалау қорытындылары бойынша бір ұлттық компанияның басқасына қарағандағы көшбасшылығы қиын жағдай кезінде бизнесті трансформациялау бағытында қолданылып отырған күш-жігерді айқын түсіндірудің жеткіліксіздігіне және осы бағытта істелуге тиіс  жұмыстың қолға алынбауынан емес, істелген жұмысты көрсете білмеуге байланысты болуы мүмкін деп пайымдайды сарапшылар.

«Алынған нәтижелерге қарағанда, барлық компанмиялар өз жұмыстарын жетілдіруде және бизнесті оңтайландыруда қайда ұмтылу қажет екенін біледі»,- деп атап өтті сарапшылар.

Жүргізілген талдауды негізге ала отырып, сарапшылар ұлттық компанияларға тәжірибе алмасуды ұсынады, атап айтқанда, «дөңгелек үстелдер» нысанында ғылыми және ғылыми-практикалық конференциялар өткізуді ұсынады, онда компаниялардың қызметіне кейіннен енгізе отырып, жетекші мамандардың пікірлерімен танысуға болады.

Ұлттық компаниялардың басшылығына, сондай-ақ Қазақстан  жағдайында кейіннен бейімдеумен шетелдік тәжірибені зерделеуге, ұлттық компаниялардың тәжірибесін еншілес компанияларға таратуға, сондай-ақ осы үдерісті өзінше халықтық ете отырып, трансформациялау (оңтайландыру) проблемасына компаниялар қызметкерлерінің кең аясын тарта түсуге тырысуға кеңес береді.

Толығырақ ақпаратты, зерттеу нәтижелерін және сараптамалық сауал жүргізу әдіснамасын мына сілтеме арқылы жүріп көре аласыз – http://agencyrating.kz/novosti/otsenivanie-uspeshnosti-transformatsii-natsional-ny-h-kompanij-kazahstana.html

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye