ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ГАЗДАНДЫРЫЛҒАН БЕС АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ.

Қызылорда облысында газдандыру жұмыстары жалғасуда. «ҚазТрансГаз» АҚ мен Қызылорда облысының әкімдігі арасында қол қойылған меморандумға сәйкес биыл өңірдің бес аудан орталығына газ құбырын тарту жоспарланып отыр.

Газдандырылатын аудандардың тұрғындары өз үйлерінде көгілдір отынның пайда болу сәтін тағатсыздана күтуде. Әрине, олардың барлығын газ құбырларына қосылу процесінің егжей-тегжейі, жүргізілу барысы қызықтырады. Жағдайды түсіндіру үшін және құрылыстың қай сатыда орналасқанын айту үшін, Қызылорда облысына «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ еншілес кәсіпорны) Сервистік жобалар жөніндегі департаментінің директоры Бердібек Рахимов келді.

1

Газ операторының өкілімен кездесуге мыңға жуық жергілікті тұрғындар жиналды. Бердібек Рахимовтің айтуынша, қол қойылған құжатқа сәйкес биыл «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының бойында орналасқан облыстың бес елді мекені газдандырылады. Олардың қатарында Байқоңыр, Арал қалалары, Әйтеке би, Шиелі және Жаңақорған кенттері бар. Барлық осы аудандарда автоматтандырылған газ тарату станциялары салынады, сондай-ақ орамішілік газ құбырлары салынады. Жоба Қызылорда өңірін газдандырудың Бас жоспарына сәйкес іске асырылуда, оның құны 25 млрд. теңгеден асады.

2

Газ мамандарымен кездесу кезінде көптеген сұрақтар болды, ең негізгілері жергілікті тұрғындардың үйлеріне газ жеткізу мәселесіне қатысты. Бердібек Рахимовтың айтуынша, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қала ішіндегі, кент ішіндегі және көшедегі газ құбырларының құрылысын жүзеге асыруда. Яғни, газ құбырлары көшелердің бойымен әр абоненттің ауласына дейін жүргізілетін болады.  Ал газ құбырын тікелей үйге жеткізу, тұрмыстық газ есептегіштерін және ілеспе жабдықтарды орнату жұмыстарын «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалының сервистік қызмет көрсету бөлімдері мен қызметтері айналысады.

Сонымен қатар, Бердібек Рахимов бір тұрғын үйді газдандыру құны басқа өңірлермен салыстырғанда өте қолайлы екенін атап өтті. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сервистік қызмет көрсету аясында тұрғындар үшін сапалы жылыту құралдарын сататын атап өткен жөн. Бұл жылыту қазандығы, газ плитасы, тұрмыстық газ есептегіші, Газдану сигнализаторы, жалпы, жеке сектор үшін қажеттінің бәрі бар. Осының бәрін кез келген ыңғайлы уақытта сатып алуға болады, ал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары тек қана кеңес беріп қана қоймай, тапсырыстан кейін барлық газ жабдықтарын кәсіби түрде орнататын болады.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye