«ҚАЗТРАНСГАЗ АЙМАҚ» АҚ АҚТӨБЕ ФИЛИАЛЫНДА САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР.
2015 жылғы 6 сәуірде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының ұжымы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Н. Назарбаевтың сенімді тұлғаларымен кездесті.
Кездесуге келгендерді Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сенімді өкілі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Манас Тасыбаев таныстырды. Сайлау алдындағы штабтың барлық мүшелері өңірге танымал, облыс пен елдің дамуына елеулі үлес қосқан адамдар. Олар-Ахат Мырзалин, Амангелді Есіркепов, Жұмабек Куканов, Қайыржан Таңатаров, Серік Әліпов.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы ұжымының алдында ұзақ жылдар бойы өңірдің әкімшілігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген, мәслихат депутаты болған, «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе филиалының жұмысын қалыптастырушылардың бірі Амангелді Есеркепов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өзінің негізгі міндетін – адамдарға жылу мен қуаныш сыйлау міндетін қашан да орындағанын атап өтті. Сондықтан да компания елімізде де, өңірлерде де алдыңғы қатарда орналасқан. Сол себепті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының ұжымы үшін алдағы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына қатысу – өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсету болып табылады.
Кездесу барысында 2015 жылғы 11 наурызда «Нұр Отан» партиясының съезінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеген сайлауалды тұғырнамасы туралы да әңгіме өрбіді. Елбасы Қазақстан мен оның азаматтарының алдына бес міндет қойды, олар: мемлекеттік аппаратты реформалау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру мен экономикалық өсу, бірыңғай болашақ ұлтты қалыптастыру және түпкі мақсаты – ырықтандыру.
Өз кезегінде, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы ұжымының атынан қырық жыл бойы жұмыс істеген кәсіпорын ардагері Наталья Сысоева сөз сөйледі. «Біздің кәсіпорын ең төменгі сатыдан бастап, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Біз Отанымыздың, Қазақстан Республикасының дамуына өз үлесімізді қосқанымызды мақтан тұтамыз. Бұл ретте, ең алдымен, біздің қазіргі Президентіміздің дана саясаты мен жасампаздық реформаларының арқасында мүмкін болып отыр, – деп атап өтті Наталья Сысоева. – Сондықтан 2015 жылдың 26 сәуірінде кімге дауыс беретінімізге ешқанда күмән жоқ. Назарбаев – Біздің Президентіміз!».
Кездесу соңында «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе филиалының директоры Манас Тасыбаев кәсіпорынның ұжымының көп ұлтты екенін, қызметкерлердің көпшілігі «Нұр Отан» партиясының құрамында екендігін және қазіргі Президенттің саясатын қолдайтынын атап өтті. «Кәсіпорынның барлық қызметкерлері атынан біздің ұжымның Сайлауға 100% қатысатыны туралы нық сеніммен айта аламын, – деді Манас Тасыбаев. – Біз өз дауысымызды Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев үшін береміз».