Амангелді кен орнында кезекті газ ұңғымасы бұрғыланды.

Амангелді кен орнында кезекті газ ұңғымасы бұрғыланды.

Мамандардың алдын-ала болжамы бойынша ұңғыма тұтас бір ауданның тұтынушыларын көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қабілетті.

Жамбыл облысында тағы бір газ ұңғыма бұрғыланды, деп хабарлайды Kazpravda.kz, «ҚазТрансГаз»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «

Бүгін «ҚазТрансГаз» АҚ Амангелді газ конденсаты кен орнының №130 ұңғымасынан бұрғылау кезінде қуатты газ бұрқағы алынды. Ұңғыманың тереңдігі 2 282 метрді құрайды. Ол Амангелді кен орнының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан» –делінген таратылған баспасөз парағында.

Қазіргі уақытта кенжар аймағын аймағын тазарту жүргізілуде, одан кейін ұңғыманың оңтайлы жұмыс режимін анықтау үшін түрлі режимдерде газдинамикалық зерттеулер жүргізілетін болады.

«Кезекті ресурстық базаның ашылуы еліміздегі тұтынушыларды отандық табиғи газбен қамтамасыз ету ісінде жақсы демеу болады, – деп атап өтті компанияда.

– 2003 жылғы 23 қазанда пайдалануға берілген Амангелді газ конденсаты кен орны Қазақстанның оңтүстігіндегі газ тапшылығын айтарлықтай төмендетті. Жұмыс істей бастаған кезден бастап Амангелді кен орнында өндірілген газ көлемі 3,5 млрд. текше метрден асып кетті. Амангелді кен орнында барлығы 28 ұңғыма пайдаланылуда. 2014 жылдың желтоқсан айында «Амангелді Газ» ЖШС Жарқұм кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға енгізді. Газ бен конденсаттың алынатын қоры тиісінше 833 млн. текше метр және 26 мың тоннаны құрайды. Бархан – Сұлтанқұдық алаңдарында іздеу және бағалау ұңғымаларын бұрғылау көзделген.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye