Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешені іргетасының алғашқы негізі қаланды.

Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) құрылысшылар мұнайды терең өңдеу кешені (МТӨК) іргетасының алғашқы негізін қалады, деп хабарлады «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) баспасөз қызметі.

«2012 жылдың 10 қыркүйегінде Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнайды терең өңдеу кешені құрылысының іргетасының алғашқы негізін қалау рәсімі өтті», — делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.

МТӨК құрылысы АМӨЗ толық қайта жаңартудың соңғы кезеңі болып табылады, деп түсіндіріледі. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

«Бұл кешен жылына 2 млн 400 мың тонна шикізат (мазут, вакуумдық газойль) өңдеуге есептелген. МТӨК құрылысы жоғары октанды бензин, авиациялық және дизель отын өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Барлық моторлы отын «Еуро-5» деңгейіне сәйкес келеді», — делінген мәтінде.

Хабарланғандай, 2012 жылғы 17 тамызда ҚДБ мен АМӨЗ арасында мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылысына несиелік келісімге қол қойылды. ҚДБ қарыз сомасы $ 252 млн. құрады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мұнай өңдеуінің жобалық қуаты жылына 5 млн тоннаны құрайды. АМӨЗ-ге қатысу үлесінің 99,5%-ы «ҚазМұнайГаз — өңдеу және маркетинг» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 100%-дық еншілес ұйымы) тиесілі.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға 100% тиесілі Қазақстанның даму институты. Банк қызметі өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, ел экономикасына инвестиция тартуға жәрдемдесуге бағытталған. Мақұлданған жобалардың ішінде химия, металлургия салаларында, электр энергетикасында, құрылыс материалдарының өндірісі, көлік және байланыс саласында жобалар маңызды орын алады.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye