Басқарушы үйлестірушінің «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен есептік кездесуі.
2017 жылдың 10 сәуірінде «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Басқарушы үйлестірушісі З.К.Кемелова ағымдағы жылдың 1-тоқсанына Жобаны басқару тобының (ЖБТ) қызмет нәтижелері туралы есеппен құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерінің алдында сөз сөйледі.
Басқарушы үйлестіруші З. К. Кемелова 2017 жылдың 1 тоқсанында ЖБТ блогы жұмысының ең маңызды нәтижелерін атап өтті. Жөндеу-пайдалану учаскелері (ЖПУ) және «Сексеуіл» және «Ақсуат» вахталық кенттері (ВК) үшін байланыс жүйесінің материалдары мен жабдықтарын жеткізу аяқталды; SCADA жүйесі және телекоммуникация құрал-жабдықтары мен материалдарын жеткізу 75%-ға аяқталды; барлық магистральдық газ құбыры бойынша SCADA және телекоммуникация құрылысы жалғасуда; «Бейнеу» газ өлшеу станциясының (ГӨС) және трасса бойындағы (ТБ) жол құрылысының екінші кезеңінің объектілері бойынша тендерлік құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізілді; «Мемсараптама» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнымен «ББШ газ құбырының құрылысы» жобалау-сметалық құжаттамасына сараптама жүргізуге шарт жасалды. Құрылыс және іске қосу кешендерінің кезектері түзетілді».
ЖЭУ және «Сексеуіл», «Ақсуат», «Қараөзек», «Шорнақ» ВК, SCADA және телекоммуникация жүйелерін салуды жалғастыру, сондай-ақ «Бейнеу» ГӨС және «Бейнеу-Бозой» учаскесіндегі ТБЖ құрылыс жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың 2-ші тоқсанына арналған басым міндеттер болып табылады.
Іс-шара соңында З. К. Кемелова ұжымға жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, барлық жұмыскерлерге қойылған мақсаттарға жетуін тіледі.