Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасарының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен есептік кездесуі

2017 жылы 11 сәуірде Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Б.Қ. Саурамбаев «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – «БШГҚ» ЖШС)  құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен  кездесу өткізді.

Кездесу барысында 1-ші тоқсанға үшін өндірістік-техникалық, өндірістік-диспетчерлік департаменттердің жұмыс қорытындылары шығарылды, сондай-ақ 2017 жылдың 2-тоқсанының міндеттері айқындалды.

Б.Қ. Саурамбаев  «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбыры бойынша газды тасымалдау жоспарының 102%-ға орындалғанын атап өтті, бұл магистральды газ құбырын пайдалану бойынша блоктың жолға қойылған жұмысының тамаша көрсеткіші болып табылады. 2-ші тоқсанға қойылатын негізгі міндет «Бейнеу-Шымкент» газ құбырын пайдаланумен айналысатын мердігерлердің  жұмысын проблемалы мәселелердің апта сайынғы  есептілігі және жедел тәртіпте шешу арқылы  бақылау болып табылады.

Қорытындылай келе, Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Б.Қ. Саурамбаев ұжымға жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, әрі қарай өнімді жұмысқа сенім артатынын атап өтті.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye