«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бірінші басшысының еңбек ұжымымен 2019 жылдың қорытындылары және 2020 жылға қойылған міндеттер бойынша есеп беру кездесуі

2020 ж. 28  ақпанда Бас директор Қ.Р. Құрманалиев еңбек ұжымы алдында есеп беру кездесуін өткізді.

Бас директор Қанат Құрманалиев есептік баяндаманы бастамастан бұрын ЕҚ, ҚТ және ҚО департаментіне коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу және болдырмау мәселесіне қатысты нұсқаулық жүргізуді ұсынды.

Бұдан кейін Бас директор еңбек ұжымына 2019 жылдың қорытындысы мен 2020 жылға қойылған міндеттерді жариялады.

Компанияның оңды экономикалық көрсеткіштері атап өтілді. Fitch Ratings рейтингтік агенттігінің «ВВВ-» деңгейінде кредиттік ұзақ мерзімді рейтингі алынды. Қытай Даму Банкінің қарызы тиімді шарттармен (MUFG Bank, Ltd. және Қытай Банкі банктердің синдикатымен) қайта қаржыландырылды, пайыздық мөлшерлеме LIBOR3M+1,65%-ға дейін төмендетілді (2019 жылы үнемдеу – 10,5млн.$), қаржылық ковенанттар жақсартылды. АТ-стратегиясын іске асыру аясында SAP жүйесін енгізу бойынша жұмыстар басталды, онда қаржылық есеп, басқару есебі, материалдық ағындарды басқару, жобаларды басқару үдерістері автоматтандырылатын болады.

Сондай-ақ 2019 ж. қыркүйек айында  Шорнақ, Қараөзек, Ақсуат, Сексеуіл вахталық кенттері пайдалануға берілді. «Бейнеу» газ өлшеу  станциясының құрылысы аяқталды. Ақбұлақ ГӨС  өткізгіштік қабілеті жылына 15 млрд. м3 дейін арттырылды.  Бекітілген кестелерге сәйкес  «Интергаз Орталық Азия» АҚ пайдаланатын объектілерде МЕӨҚ және Серіктестіктің өкілдерінің қатысуымен аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар  өткізіледі. Жұмыскерлер  арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және жеке қорғану құралдарымен 100% қамтамасыз етілген.

Есеп беру  кездесуі барысында Қанат Құрманалиев ұжым алдына 2020 жылға міндеттер қойды, оның ішінде Серіктестік объектілерінде еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және экологиялық нормалар талаптарының сақталуына тұрақты бақылау жүргізу, сондай-ақ сақтық шараларын жүзеге асыру және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына (коронавирус) сәйкес қызметкерлерді барлық қажетті қорғану  құралдарымен қамтамасыз ету қамтылған. Сондай-ақ ББШ МГҚ (ЖПУ, «Бейнеу» ГӨС, ТБЖ, телекоммуникациялар жүйесі және SCADA) барлық объектілерінің құрылысын 01.07.2020ж. дейін жалғастыру және аяқтау, қуаттылықты жылына 15 млрд.м3 дейін арттыру және барлық ЖПУ, ВК, КС көгалдандыру жұмыстарын жүргізу міндеттері қойылды.

Кездесу соңында Қанат Құрманалиев атқарылған жұмыстарды қорытындылап, 2019 жылы қол жеткізілген нәтижелер үшін барлығына алғыс білдірді. Коронавирусқа қатысты қиындықтарға қарамастан, қытай тарапының Серіктестік қызметіндегі көптеген мәселелерді жедел шешуге ат салысқанын, ауқымды жұмыстарды атқарғанын атап өтті.

Сонымен қатар Бас директордың бірінші орынбасары – ЖБТ Басшысының м.а. Лю Ваньюй мырза сөз сөйледі, ол барлық жұмыскерлерге компания қызметінің жоғары көрсеткіштері үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қауіпсіздік техникасын және коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуына жол  бермеу бойынша  шараларды қатаң сақтауды жалғастыру қажеттілігін атап өтті.

Бас директор Қанат Құрманалиев  компания қызметінің көрсеткіштерін сақтау және жақсарту үшін барлық күш-жігерді жұмылдыруға шақырды.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye