Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасарының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен есептік кездесуі

2016 ж. 19 қыркүйекте  Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Т.Ә.Әділов «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – «БШГ» ЖШС)  құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен  кездесу өткізді.

Құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерінің алдында сөз сөйлей отырып, Т.Ә.Әділов 2016 жылдың ІІІ тоқсаны үшін неғұрлым маңызды іс-шараларды  атап өтті. «БШГ» ЖШС пайдалану бойынша блогы «Бейне-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры (бұдан әрі – «ББШ» МГҚ) бойынша газды тасымалдау режиміне  тұрақты мониторинг және бақылау, «ББШ» МГҚ оқшаулауын кешенді  зерттеу Шартына қол қою, Ақбұлақ ГӨС мен Бозой ГӨС, желілік бөлім бойынша ақауларды жоюды бақылау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Жұмыстың  маңызды нәтижесі қаңтар-тамыз айларындағы «ИОА» АҚ-мен, «ҚТГ» АҚ-мен, «ҚТГ Аймақ» АҚ-мен ЖМжТЖ тасымалданған газдың ай сайынғы көлемін келісу, сондай-ақ «тасымалда немесе төле» қағидаты бойынша газ тасымалдау шартының жобасын қалыптастыру және келісу бойынша жұмыстар болып табылады.

Есептік кездесуді «БШГ» ЖШС Техникалық директоры Ло Иньвэй жалғастырды.  Ло Иньвэй  өз сөзінде алдағы есептік кезеңге пайдалану бойынша блокқа арналған маңызды міндеттерді атап өтті: «Ақбұлақ» ГӨС тұндырғыш резервуарды жөндеу бойынша жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасын  сақтауды бақылауды жүзеге асыру; күз-қыс мерзіміне; «АГҚ» С желісі бойынша Қытайға газды тасымалдауға дайындық.

Жиналыс регламентін сақтай отырып, Т.А. Адилов  2016 жылдың  IV тоқсанына еңбек қызметінің негізгі бағыттарын белгіледі: «Бозой» және «Қараөзек» КС жұмысы бойынша «ББШ» МГҚ диспетчерлік Келісімін дайындау, «Бозой» КС ГАА далалық сынақтары бойынша нұсқаулықты белгіленген тәртіпте бекіту, «Бозой» КС пайдаланушы қызметкерлерін оқыту, «тасымалда  немесе төле» Шарттың жобасын қалыптастыру бойынша жұмыс, «ББШ» МГҚ бойынша газды тасымалдау режимінің мониторингі және бақылау.

Жиналысты қорытындылай келе, Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары Т.Ә.Әділов Серіктестіктің барлық жұмыскерлеріне жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, еңбекте  табыс тіледі.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye