Бас директордың экономика жэне қаржы жөніндегі орынбасарының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен есептік кездесуі
2016 жылдың 23 қыркүйегінде «Бейнеу-Шымкент газқұбыры» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б.Шабдукаримов құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерімен кездесу өткізді. Күн тәртібінде 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында экономикалық блоктың атқарған жұмысының нәтижелері мен 2-ші жартыжылдықтың жоспарлары туралы мәселе талқыланды. Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б.Шабдукаримов неғұрлым маңызды мәселелерді атап өтті, оның ішінде: жоспарлық көрсеткіштермен салыстырғанда таза кірістің 12 718 152 мың теңгеге артуы; Жобаның 1-ші кезеңінің аяқталу мерзімімен 2017 жылдың 30 маусымына дейін Несие келісіміне және Қаржы құжаттарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу және ҚМГ және ҚҰМК Жобасының 1-ші кезеңінің құрылысын 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аяқтау кепілдігінің мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қою.
Жиналыс регламентін сақтай отырып, С.Б. Шабдукаримов 2016 жылдың 2-ші жартыжылдығына негізгі жоспарды белгіледі: Қараөзек КС бойынша шешімдерді ескере отырып, 2-кезеңді қаржыландыру бойынша жұмыстарды жүргізу; «ship or pay» шартына қол қою;депозиттерге ақшаларды орналастыру және тиімді валюталық-айырбастау операцияларын жүргізу; шығындарды оңтайландыру және үнемдеу бойынша, тарифті 60$ деңгейіне дейін индекстеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Есептік кездесу соңында С. Б. Шабдукаримов әріптестеріне жемісті еңбегі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта өнімді жұмыс тіледі.