ҚазТрансГаз ғимараты Астананың 12 көрікті жерлерінің қатарына енді.

Елордалық фотограф Валерий Калиев «Жарықпен безендірілген Астананың ең әдемі 12 ғимараты» тақырыбымен түнгі Астананың тың суреттер топтамасын жариялады.

Оның жұмыстарында сәулеттік-көркем безендіру саласының мамандармен бірлесе отырып іріктеп алынған түнгі елорданың 12 ең әдемі ғимараты ұсынылған.

Астана – Отанымыздың жүрегі! Ол жас, жарқын, стильді, барлық қазақстандықтарды біріктіруші және болашаққа көз тіккен қала.

Елорданың түнгі көрінісі қандай? Шындығында – қала ұйықтамайды. Бұрындары көшелер түн ортасына қарай тым-тырыс қалатын болса, қазір көлік ағыны таң атқанша тыным көрмейді. Қаланың ойластырылған және серпінді сәулеттік-көркем жарығы түнгі бейнені кемпірқосақтың барлық түсіне қанықтыра отырып, жарқын әсерге бөлейді. Астананың бүкіл Қазақстан жастары үшін тартылыс орталығына айналу себебі де сол болар.

2

АҚОРДА – шын мәнінде елорданың ең көркем құрылысы болып табылады! Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр, үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. Ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. Бұл ретте бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең. Ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. Ғимараттың түнгі жарығы прожекторларды пайдалана отырып орнатылған.

2

АСТАНА ОПЕРА – өзінің ауқымымен ғана емес, сонымен бірге әсем сәулетімен де көз тартады. Қайта өрлеу дәуірінің колонналарын кәсіби жарықтандырудың арқасында ғимараттың айбыны да асқақ бола түскен. Ғимараттың өзінің алаңы 64 мың шаршы метрге тең. Оның ішінде шамамен 3000 шаршы метрін сахналық  аймақ алып жатыр. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.

3

«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» мешіті – Азиядағы ірі мешіттердің бірі, 11 га алаңды алып жатыр, бір мезетте 10 мыңнан астам адам сыйып кетеді. Сарапшылардың пікірінше, мешіттің ең кәсіби және заманауи жарықтандыру жүйесі бар. Ақ түсті прожекторлар ғимараттың әрбір жолағы мен рельефін көрсете отырып, оған қайталанбас сұлулық беріп тұр.

4

«БӘЙТЕРЕК» ғимараттар мен құрылыстар ішінде елорданың басты бренді болып табылады. Елордада болған әрбір қазақстандықта Бәйтеректің аясында түскен естелік сурет бары анық. Ал сізде түнгі Бәйтеректің суреті бар ма? Құрылыстың биіктігі 97 метрді, конструкцияны айнала қоршаған шармен қоса 105 метрді құрайды. Шын мәнінде түнгі Астананың басты көрнекті жерлерінің біріне айналып, PopChartLab америкалық студиясының рейтингінде ғаламшардың 90 эпикалық ғимараттары қатарына енді. Елорданың басты символының алуан реңкті жарығында төгілмелі сәуле беретін прожекторлармен бірге жұмыс істейтін басқарылмалы толықтүсті жарықдиодтар пайдаланылған.

5

ҚазТрансГаздың сәулеттік жарығы «көгілдір отын» стиліне келтірілген және ең заманауи және үнемді жарықдиодтан жасалған. ҚазТрансГаз ғимаратының түнгі жарық жүйесінде 100 мың пиксель пайдаланылған. Компания 55 мың км газ құбырына қызмет көрсетеді, 7 млн. астам қазақстандыққа газ жеткізіп отыр, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған шын мәніндегі нағыз халықтық компания деп атауға лайық.

6

«АЛАУ» мұзайдыны сарайы — Астанадағы жабық коньки тебу стадионы. Төгілмелі жарық прожекторлары орнатылған.  Жаңа кешеннің жалпы аумағы 65 мыңнан астам шаршы метрді құрайды. Сарайдың жүрегі – 7 500 орындық мінбесі бар ұзындығы 400 метрлік мұз жолынан тұрады.

7

«ХАН ШАТЫР» сауда ойын-сауық орталығы. Қазақстандықтар арасында танымалдылығы мен әйгілілігі бойынша үштікке кіретін құрылыс. Түнгі уақытта сүйсіне көз тастамай жанынан өтіп кету мүмкін емес.  Хан Шатырдың көмескі жарығы ғимараттың ішкі жағынан түскен төгілмелі жарық беретін жарықдиодты прожекторлармен орындалған, түрлі-түсті құбылған жарық  Хан Шатырдың әсем бейнесін айшықтай түсуге бағытталған.

8

«ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» ұлттық компаниясының әкімшілік ғимараты – замануи көпқабатты құрылыс қана емес, Қазақстандағы ең биік, Орталық Азиядағы ірі медиақасбеті бар ғимарат. Басқарылатын жарықдиодты сызықтардың жақын орналасуы есебінен бүкіл ғимарттың сыртынан бейнекөріністер пен сан алуан инсталляциялар көрсетіліп тұрады. Ғимараттың биіктігі – 175 метр.

9

«ГРАНД АЛАТАУ» (Grand Alatau) тұрғын үй кешені Астананың тарихи орталығында орналасқан. Жарықдиодтың түнгі оттары өзен бетінде мың құбыла ойнағанда бүкіл жағалау жарыққа бөленіп, нұрланып кетеді. Әртүрлі жарық-динамикалық әсерлер беруге мүмкіндік жасайтын толықтүсті басқарылатын пиксельдер орнатылған. 43 қабатты мұнараның биіктігі 142 метрді құрайды.

10

«ДУМАН» қонақ үй кешені – 18 қабатты қонақ үй, ол бәрінен бұрын, жарқын инсталляциялары бар ең көлемді түнгі жарық бергіш болып табылады. Ғимаратта басқарылатын ақ түсті монохромды пиксельдер орнатылған.

11

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАЖАЙЫ – аса ірі бірегей мұражай кешені 74 000 м2 жерді алып жатыр және тоғызыншы қабатқа дейін ауыспалы қабатты болып келетін жеті блоктан тұрады. Жалпы көлемі 14 000 м2 асатын экспозициялық алаң 14 залды алып жатыр. Төгілмелі жарық прожекторлары ғимараттың қабырғаларына бағытталған, құлпырып тұрған ашық түстері ғимаратқа жұмбақ әсемдік беріп тұр.

12

«НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ». Түнгі көмескі жарық берілгенде құдды бір беймәлім ұшатын табақша Есілге келіп қонғандай әсер береді. Бұл ғимараттың техникалық ерекшелігі шатыр құрылымында, соның арқасында бойлама диаметрі 81 метрге жетеді. «Назарбаев орталығы» ғимаратының бірегей көмескі жарығы ғимараттың ішіне орнатылған және әйнек шатырға бағытталған төгілмелі жарық беретін жарықдиодты прожекторлардан тұрады.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye