Бас директордың орынбасары – ЖБТ басшысы орынбасарының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен есептік кездесуі
2016 жылдың 26 қыркүйегінде Бас директордың орынбасары – Жобаны басқару тобы (бұдан әрі-ЖБТ) басшысының орынбасары Б.Қ.Саурамбаев құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлері алдында 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы блок қызметінің нәтижелері туралы есеп берді.
Бас директордың орынбасары – Жобаны басқару тобы (бұдан әрі-ЖБТ) басшысының орынбасары Б.Қ.Саурамбаев кіріспе сөз сөйлеп, 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында ЖБТ блогының келесі жетістіктерін жариялады.
Есепті кезең ішінде ЕРС жасасқан келісімшарттар бойынша құрал-жабдықтар өндіру және құрылыс инспекциялары, КС-1 «Бозой» арналған ГАА негізгі құрал-жабдықтарын зауыттық сынау жүргізілді, SCADA жүйелері мен телекоммуникация құрал-жабдықтарын жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Серіктестікпен «Түзету 3» өткізу туралы шешім қабылданды, оның аясында кейбір техникалық және технологиялық көрсеткіштері, сондай-ақ Жобаның құндық өлшемдеріне әсер ететін құрылыстың 1-ші кезегінің 4-ші іске қосу кешенінің объектілер құрылысының мерзімдері қайта қарауға жатқызылады.
Б.Қ.Саурамбаев 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында ішкі құбырлық диагностиканың жүргізілетіндігі туралы атап өтті, оның нәтижесінде маңызды ақаулар табылған жоқ, ағымдағы күнгі жағдай бойынша соңғы жұмыстар жүргізілуде.
Кеңес барысында Б.Қ. Саурамбаев 2016 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарларды жария етті. Алдағы есепті кезеңнің ең маңызды оқиғасы – «Бозой» КС және ВК құрылысын аяқтау, сондай-ақ «Қараөзек» КС-4 құнын бағалауды аяқтау және «ИОА» АҚ тапсыру.
Сөз соңында Б. Қ. Саурамбаев ұжымға табысты еңбегі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта жемісті жұмыс атқарылатындығына сенім білдірді.