Бас директор С.Естайдың 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС ұжымымен есептік кездесуі.
2016 жылғы 18 тамызда Бас директор С.Естай 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС ұжымымен есептік кездесу өткізді. Бас директор С.Естай алғысөзін еңбек ұжымымен сәлемдесуден және Серіктестіктің 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жетістіктерін жариялаудан бастады, оның ішінде: «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры (бұдан әрі – МГҚ) объектілерінде салдары ауыр төтенше жағдайлардың болмауы; «Бейнеу-Бозой-Шымкент» Жобасын (бұдан әрі – Жоба) қаржыландыру бойынша негізгі іс-шаралар мен жұмыстардың орындалуы; 2016 жылғы 1 наурыздан бастап 2015-2019 жылдарға арналған магистральды газ құбыры бойымен тауарлық газ тасымалдау үшін 1000 м3 үшін ҚҚС есептемегенде 18 071 теңге болатын тарифтің қолданысқа енгізілуі; бірінші жартыжылдықта газ тасымалы жоспарының 259 млн. м3 жоспардан аса орындалуы аса маңызды болып табылады.
Сондай-ақ, Бас директор С.Естай 2016 ж. бірінші жартыжылдықтағы жетістіктердің арасында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасы бойынша 2016 жылғы 23 ақпанда «Мемсараптама» РМК оң қорытынды алынғанын, «Бозой» КС үшін құрылыс алаңына 5 агрегаттың жеткізілгенін атап өтті.
Негізгі экономикалық көрсеткіштерге қатысты Бас директордың экономикка және қаржы жөніндегі орынбасары – С.Б.Шабдыкәрімов сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында ол бірінші жартыжылдық бойынша күрделі қаржы жұмсалымы жоспарының (бұдан әрі – КҚЖЖ) орындалуы 37% құрайтынын хабарлады. Жобаның 2 Кезеңін қарызды қаржыландыруды жаңғырту шеңберінде, С.Б.Шабдыкәрімов айтап өткендей, екінші жартыжылдықта Банктің экологиялық және техникалық кеңесшілерінің тексеруі жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобасының құрылысы бойынша Бас директордың орынбасары – ЖБТ басшысының орынбасары – Б.Қ.Саурамбаев сөз сөйлеп, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры құрылысы» жобасын іске асыру статусын, сонымен қатар Жобаның 1 Кезеңі бойынша: Жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес, 2016 жылғы 16 қыркүйекте пайдалануға енгізуге жоспарланған трассабойлық жолдардың құрылысының аяқталғанын, «Ақсуат» ЖПУ бойынша 2016 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарының (бұдан әрі – ҚҚЖ) орындалуы – 52%, «Ақсуат» ВК – 62%, «Сексеуілді» ЖПУ – 71%, «Сексеуілді» ВК – 59%, «Шорнақ» ЖПУ – 42%, «Шорнақ» ВК – 63% құрайтынын баяндады. Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес, «Сексеуілді» және «Ақсуат» ЖПУ мен ВК объектілерін пайдалануға енгізу 2016 жылғы 27 желтоқсанға, «Шорнақ» және «Қараөзек» ЖПУ мен ВК объектілерін пайдалануға енгізу 2017 жылғы 30 наурызға жоспарланған; «Бозой» ВК бойынша ҚҚЖ орындау 75%; «Бозой» КС бойынша 50% құрайды. Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес, құрылыс-құрастыру жұмыстарын аяқтау күні – 2017 жылғы 28 наурыз.
Жобаның 2 Кезеңі құрылысының статусы бойынша Б.Қ.Саурамбаев 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта құбырішілік тексеру жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша елеулі ақаулардың табылмағанын, ағымдағы күндегі жағдай бойынша аяқтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Инжинирингтік жұмыстарға қатысты Б.Қ.Саурамбаев Серіктестіктің «Түзету 3» жүргізу туралы шешім қабылдағанын хабарлады, оның шеңберінде кейбір техникалық және технологиялық көрсеткіштер, сондай-ақ Жобаның құндық сипатына әсер ететін құрылыстың 1-кезегінің 4-ші қосу кешені объектілерінің құрылысының мерзімдері қайта қарауға жатады.
«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС өндірістік қызметі бойынша Бас директордың пайдалану жөніндегі орынбасары – Т.Ә.Әділов сөз сөйледі. Т.Ә.Әділов өндірістік блоктың негізгі көрсеткіштері ретінде келесіні атап көрсетті: «ҚТГ» АҚ газ тасымалы бойынша қызмет көрсету Шарты жасалды, оған сәйкес бірінші жартыжылдықта газ тасымалының көлемі 1 290 053,475 мың м3 құрайды; «Интергаз Орталық Азия» АҚ 2016 жылға арналған Өндірістік бағдарлама бекітілді; «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ 0-311 км учаскесінде құбырішілік тексеру жүргізілді; «Бейнеу-Бозой-Шымкент» МГҚ 311-1454,2 км учаскесінде ішкі бөлікті тазарту бойынша жұмыстар өткізілді.
Одан әрі, регламентті сақтай отырып, Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Б.Ә.Суанбеков әкімшілік және кадрлық сұрақтар бойынша сөз сөйледі. Б.Ә.Суанбеков 2016 жылғы 25 наурызда мемлекеттік «Наурыз мейрамы» мерекесін тойлау құрметіне корпоративтік шара жасалып, Серіктестік қызметіне қосқан жеке үлесі үшін жұмыскерлердің алғыс хаттармен марапатталғанын атап өтті. Одан бөлек, Серіктестік жұмыскерлерін ынталандыру мақсатында Серіктестік Басқармасы Серіктестік жұмыскерлеріне «Наурыз мейрамы» мерекесі қарсаңында біржолғы сыйақы беру мәселесін құптады.
Сонымен қатар, Б.Ә.Суанбеков Жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің арасындағы бірыңғай ішкі коммуникация жүйесі қағидаларының шеңберінде селекторлы мәжілістердің, желілік басшылардың құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен кездесулерінің жүргізіліп отыратынын, шағымдар мен ұсыныстар жәшігінің жұмыс істей бастағанын атап көрсетті. ЕРС-мердігерлердің 11.9 «Тапсырыс берушіге арналған қызметтер» бөлімінің шарттарын орындауына үздіксіз мониторинг жүргізіледі.
Кәсіподақ комитетінің қызметі бойынша Кәсіподақ комитетінің Төрағасы болып табылатын Бас директордың кеңесшісі А.Е.Қожақов сөз сөйледі. Сөз барысында А.Е.Қожақов Серіктестік басшыларының Кәсіподақпен іске асырылатын жоспарларды қолдайтынын айтап өтті.
Мәжілісті қорытындылай келе, Бас директор С.Естай Серіктестіктің барлық жұмыскерлерін жуық арада Кәсіподаққа қосылуға шақырды және Серіктестіктің барлық жұмыскерлеріне жемісті еңбектері үшін алығс білдірді.