Әлемдік мұнай бағасы көтерілді.
Дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша жетекші мұнай биржаларында мұнай бағасы көтерілді. Мұндай деректер Лондон мен Нью-Йорк шикізат биржаларының сайттарында таралған.
Таяу айдағы мұнай фьючерстерінің орташа өлшенген құны Лондонда Inter Continental Exchange (ICE) – ICE Brent Crude Futures $114,81 (+0,56) / барр. құрады. ICE деректеріне сәйкес, баррель құны сауда күні ішінде $113,92-ден $115,05-ке дейін өзгерді.
Таяу айдағы New York Mercantile Exchange (NYMEX) мұнай фьючерстерінің орташа өлшенген құны Light, Sweet Crude Oil келісімшартына $96,54 (+0,12)/баррельді құрады. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, баррель құны сауда күні ішінде $95,34-тен $96,63-ке дейін өзгерді.