«ҚАЗТРАНСГАЗ» МИНИ- ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ-ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ.

Астанада «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобының құрама командалары арасында мини-футболдан жыл сайынғы турнир өтті. Биыл жарысқа – «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС төрт құрама командалары қатысты. Тартысты бәсеке нәтижесінде «ҚазТрансГаз» АҚ құрама командасы бірінші орынға ие болды.

Отандық мұнай-газ саласының қызметкерлері салауатты өмір салтына көп көңіл бөлетіні, спортпен белсенді айналысатыны, түрлі жарыстарға үнемі қатысатынын көптен мәлім. Мини-футбол турнирі – «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобындағы көпшілік қатыстатын, сүйікті жарыстардың бірі. Сол себепті құрама командалардың ішінде еліміздің барлық өңірлерінен келген еншілес ұйымдардың өкілдері болды. Айта кетсек, командалардың құрамында кәсіби футболшылар жоқ, барлығы әуесқой спортшылар, ойынға қатардағы қызметкерлермен бірге топ-менеджмент те қатысады.

«ҚазТрансГаз» АҚ құрамасын компанияның орталық кеңсесінің футболшылары, сондай-ақ «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС және «Азиялық газ құбыры» ЖШС футболшылары таныстырды.

Биылғы жылы «ҚазТрансГаз» АҚ футболшылары тамаша физикалық дайындығы мен ойластырылған ойын тактикасын көрсете отырып, қарсыластарына жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Финалдық жекпе-жекте Газ және газбен жабдықтау саласындағы Ұлттық Оператор «ҚазТрансГаз» АҚ құрамасы 6:5 есебімен «ҚазМұнайГаз» АҚ құрамасының футболшыларын жеңіп, турнирде бірінші орынға ие болды.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye