Қатты аязға байланысты газ тұтыну көлемі рекордтық межеге жетті.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы

30 Қаңтар 2018 г.

Еліміздің оңтүстік облыстарындағы қатты аяз салдарынан табиғи газды тұтыну көлемі күрт өсіп кетті. Осыдан бұрын еліміздің оңтүстігі аяздың шекті кезеңінде тәулігіне ең көп дегенде 24 миллион текше метр газ тұтынған болса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш тәулігіне 35 млн текше метрге жеткен.

Газ тарату желілеріне жүктеменің өсуі, сондай-ақ оңтүстік аймақтар үшін аса төмен температура апаттық жағдайлардың және кейбір учаскелерде табиғи отынды жеткізудің азаюына себеп болды. Мамандардың мәлімдеуінше, негізінен, шағын жеке компаниялар басқаратын және қызмет көрсететін газ тарату құбырлары мен жабдықтар істен шыққан.

Жеке газ тасымалдаушылардың тұтынушыларында қажетті газ қысымының жетіспеушілігіне – олардың газ құбыры жүйелерінің өткізгіштік қабілетінің төмендігі себеп. Жеке компаниялар, пайда табу үшін мейлінше көп абоненттерді диаметрлері газдың қажетті көлемін өткізуге мүмкіндік бермейтін құбырларға қосуда. Сол себепті, газ тұтыну көлемі артқан кезде, олардың құбыр желілері абоненттерге газдың қажетті көлемін жеткізе алмайды.

Абоненттер саны өскен кезде, тұтынудың жаңа қуаттарына сәйкес газ құбырлары жаңартылуы тиіс. Мысалы, осыдан бұрын «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан желілерді жаңарту бағдарламасы өткізілген газ құбырларының учаскелерінде ешқандай іркілістер тіркелген жоқ. Бұл ретте «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық газ операторының қызметінде орналасқан барлық инфрақұрылым, өз абоненттерінің тұрақты және үздіксіз газбен жабдықталуын қамтамасыз етті. Туындаған апаттық жағдайлар жедел түрде шешілді.

Табиғи газды тұтынудағы рекордтық меже «ҚазТрансГаз» АҚ үшін күтпеген жағдай емес. Ұлттық оператор осымен қатарынан үшінші жыл қысқы жылыту маусымында батыс өңірлерден тасымалданатын отандық газды тұрақты жеткізу арқылы елдің оңтүстігін үздіксіз қамтамасыз етіп келеді. Бұған дейін еліміздің оңтүстік өңірі газ импортына тәуелді болған еді. Осындай нәтижеге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырын, компрессорлық станцияны және бірқатар инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын салу арқылы қол жеткізілді.

«ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз қызметі

Тел: +7(7172) 55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye