Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасарының «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерлерімен есептік кездесуі

2016ж. 23 маусымда Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б.Шабдыкәрімов құрылымдық бөлімшенің жұмыскерлерімен кездесу өткізді.

Кездесуде сөз сөйлеген С.Б.Шабдыкәрімов «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС 2016 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін атап өтті. 2016 жылғы қаңтар-мамыр аралығындағы кезеңде таза табыс 12 718 152 мың теңгеге артқан.

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мердігер ұйымдармен ЕРС келісімшарттарға қол қоюдың кідіру себептерімен, сондай-ақ ұлттық валюта теңгенің АҚШ долларына қатысты түзетілуіне  және құбыр өнімдерін жеткізу мерзімдерінің бұзылуына әкеліп соққан Украинадағы саяси ахуалдың тұрақсыздануымен байланысты 2014ж. ортасында жобаны жүзеге асыру мерзімдерінің шегерілуімен байланысты, China Development Bank Corporation және Bank of China Limited тұратын банктер синдикаты құрылыстың 1 және 2 Кезеңі бойынша жобаны қаржыландыруды тоқтатты.

2016 жылғы 5 ақпанда Жобаның 1 Кезеңі үшін қарызды қаржыландыруды жаңғырту мақсатында 2012 жылғы 11 желтоқсандағы Несие келісіміне өзгерістер жасау күшіне енгізілді, оған сәйкес, жобаның 1 Кезеңінің түпкілікті аяқталу мерзімі – 2017 жылғы 30 маусым. Аталған өзгерістерді ескере отырып, 2016 жылдың мамырында Жобаның 1 Кезеңін қаржыландыру жаңғыртылды.

Ақша тапшылығын болдырмау үшін, Жобаның 2 Кезеңінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында, «ҚазТрансГаз» АҚ Серіктестікке жалпы сомасы 68,4 миллиард теңгені құрайтын қаржылай көмек ұсынылды, оны қайтару Жобаның 2 Кезеңін қаржыландыруды жаңғыртқан соң жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөз барысында С.Б.Шабдыкәрімов 2016 жылға арналған еңбек қызметінің келесі негізгі бағыттарын атап айтты: «Қараөзек» КС қатысты шешімдермен бірге 2 Кезеңді қаржыландыру бойынша жұмыс жүргізу, «ship or pay» шартына қол қою бойынша, депозиттерге ақша салу және тиімді валюталық-айырбас операцияларын жүргізу бойынша жұмыс жүргізу.

Кездесу соңында Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары С.Б.Шабдыкәрімов жұмыскерлерге 2016ж. адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye