АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Нұр-Сұлтан қ. 03 тамыз 2021 ж. Бірқатар шетелдік БАҚ Еуропалық ғарыш агенттігінің Sentinel-5P спутнигінің суреті мен деректерін талдауға сілтеме жасай отырып, күмәнді ақпарат таратты, онда 2021 жылдың 24 шілдесінде Алматы облысындағы газ құбырынан метанның ағып кетуі туралы болжам жасалған. Хабарламада Kayrros SAS геоаналитикалық компаниясының мәліметтері келтірілген, ол шығарындылар деңгейі сағатына 200 тонна метанды құрады деп мәлімделген. Осыған байланысты «ҚазТрансГаз» АҚ жарияланымдарда келтірілген деректер шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдейді. «ҚазТрансГаз» АҚ өз объектілерінде қауіпсіздікті, соның ішінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөледі. Ақпарат құралдарында жариялаған 10 миллион текше фут немесе 300 мың текше метр көлеміндегі газдың ағып кетуі туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды және компанияның тәулік бойы жұмыс істейтін қауіпсіздікті бақылау жүйесінің назарынан тыс қалуы мүмкін емес. «Азиялық газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі – «АГҚ» ЖШС), сондай-ақ «Бұхара газды ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральдық газ құбырында және Алматы облысының газ тарату жүйелерінде аталған күні (2021 жылғы 24 шілдеде) табиғи газдың ауаға таралуы болған жоқ. Көрсетілген координаттар бойынша «АГҚ» ЖШС-ның «Қазақстан-Қытай» МГҚ КС-6 орналасқан. Осы «АГҚ» ЖШС-ның компрессорлық станциясында 2021 жылдың 24 шілдесінде атмосфераға 16,7 мың текше метр немесе 0,5 млн. текше фут көлемінде газ айдайтын жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Барлық растайтын құжаттар мен актілер бар. Бұл шығарындылар Алматы облысы бойынша 2021 жылға арналған «АГҚ» ЖШС-ның шығарындылар квотасына кіреді. Газды қауіпсіз тасымалдау үшін газ құбырларының тұтастығына тұрақты мониторинг жүзеге асырылады. Құрал-жабдықтар мен құрылыстардың ықтимал зақымдануының алдын алу және анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсаттар үшін магистральдық газ құбырлары бойынша трассаларды айналып ұшу және айналып өту, ал тарату желілері бойынша «ДЛС-ПЕРГАМ» газ анализаторын пайдалана отырып тексеру жүргізіледі. «ҚазТрансГаз» АҚ Баспасөз-қызметі Тел: +7 (7172) 55 23 16

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye