АСТАНАДА «ҚАЗТРАНСГАЗ» АҚ КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ.
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Астана қ. |
2015 ж. 20 сәуір |
17 – 18 сәуірде Астанада «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобы қызметінің 15 жылдығына арналған спартакиада өтті. Спорттық іс-шараға төрт құрама команда қатысты.
«Ұжымдағы бірлік – бүкіл компанияның табысты қызметінің кепілі. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт маңызды фактор болып табылады. Одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін бізге барлық кәсіпорындар мен филиалдар ұжымдарының командалық, жолға қойылған жұмысы қажет», – деп атап көрсетті, ашылу рәсімінде «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Қайрат Шәріпбаев. «Биылғы жылы біз бірінші рет спорттық жарысты жеке командалармен емес, өңірлік құрамалармен өткізуді шештік, бұл бір-бірімізді жақын танып-білуге, анағұрлым тығыз өзара қарым-қатынас жасауға және достық байланыстар орнатуға мүмкіндік береді», – деді Қайрат Шәріпбаев.
Сондықтан корпоративтік өзара іс-қимылды нығайту үшін спартакиадаға 15 жылда тұңғыш рет «ҚазТрансГаз» АҚ-ның әрбір бөлімшесі мен филиалдарынан көптеген командалар қатысты, бір өңірде жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері қатарынан қалыптастырылған құрама командалардың барлық саны – 4. Бұл «Астана» командасы («ҚазТрансГаз» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның ОА, «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның ОА, «Амангелді Газ» ЖШС, «ҚазТрансГаз-Өнімдері» ЖШС); «Алматы» командасы («Азиялық Газ құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Оңтүстік» МГҚБ, «ҚазТранГаз Аймақ» АҚ-ның Жетісу өндірістік филиалы, «ҚазТрансГаз – Алматы» ЖШС), «ОҢТҮСТІК» («ИОА» АҚ мен «ҚТГ Аймақ» АҚ, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларына қоныс аударған қызметкерлерінің қатарынан қалыптастырылды); «БАТЫС» командасы(«ИОА» АҚ мен «ҚТГ Аймақ» АҚ, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Орал, Қостанай қалаларында орналасқан бөлімшелердің қызметкерлері қатарынан қалыптастырылды).
Іс-шараның басты мақсаты – «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыру мен спортты насихаттау, қызметкерлердің корпоративтік өзара іс-қимылы үшін қолайлы жағдай жасау.
Спартакиадаға қатысушылардың жалпы саны 180 адамды құрады.
Жарыс спорттың мынадай: хоккей, мини-футбол, волейбол, үстелүсті теннисі, шахмат сияқты танымал түрлері бойынша екі күн бойы өтті. Жалпыкомандалық есепте алынған ұпайлардың ең көп саны бойынша «Батыс» құрама командасы жеңімпаз атанды. Екінші құрметті орында – «Астана» командасы және үшінші орында – «Алматы» құрама командасы. Спартакиаданың жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және естелік жүлделермен марапатталды.
«ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы
5 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес мұнай-газ саласындағы жұмысты жүйелендіру мақсатында құрылған. «ҚазТрансГаз» АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторы. «ҚазТрансГаз» АҚ компаниялар тобының құрамына газ және оны қайта өңдеу өнімдерін өндіретін, тасымалдайтын және өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,
байл. тел: +7(7172)-55 23 16