«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының (МГҚ) құрылысын аяқтау үшін Қытай Даму Банкінен $700 млн доллар мөлшеріндегі сомаға кредит тартты.

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының (МГҚ) құрылысын аяқтау үшін Қытай Даму Банкінен $700 млн доллар мөлшеріндегі сомаға кредит тартты. Бүгін Бейжіңде кредиттік келісімге қол қойылды деп хабарлайды Қаз Ақпарат.

Қарыз мерзімі – 15 жыл. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес құрылымы – «ҚазТрансГаз» АҚ қарыз қаражатын ұзындығы 311 км «Бейнеу-Бозой» желілік учаскесін, сондай-ақ Қызылорда облысындағы «Қараөзек» компрессорлық станциясын салуға бағыттайды.

Тартылған $700 млн долларды ескергенде,  «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының құрылысын қаржыландыру 2,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Жоба Қазақстанның оңтүстік аймағын отандық газбен қамтамасыз етуге бағытталған, ал одан әрі шикізат Қытайға экспортталуы мүмкін.

«Бұл газ құбыры бірінші кезекте ішкі газбен жабдықтауға бағытталған. Қазақстан бұл туралы қытай тарапымен уағдаласты. Алдымен біз өз нарығымызды толтыруымыз керек, тек сонан кейін біз артылған газды Қытайға экспорттайтын боламыз. Болжам бойынша, бұл 2015 жылдан кейін болады», – деді құжаттарға қол қою рәсімінде «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Данияр Берлібаев.

Берлібаевтың айтуынша, магистральдық газ құбырының құрылысы 2014 жылы толық аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, ұзындығы 1143 км «Бозой-Шымкент» учаскесіндегі магистральды газ құбыры құрылысының бірінші кезеңі 2013 жылдың қыркүйек айында аяқталған болатын. Қазіргі уақытта «Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры жылына 2,5 млрд. текше метр көлемінде газ тасымалдауға мүмкіндік береді. Жаңа магистраль қазір газ құбыры бойында орналасқан 500-ден астам елді мекенді газдандыруға техникалық мүмкіндік жасап отыр.

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye