«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС Бас директорының бизнесті қолдау жөніндегі орынбасарының құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен есептік кездесуі

2016ж. 4 қазан күні Бас директордың бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары Б. Ә. Суанбеков «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Бұл жиналыс «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (бұдан әрі-Серіктестік) басшылығының құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен кездесу кестесіне сәйкес өткізіледі.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығара отырып, Б. Ә. Суанбеков жетекшілік ететін «Тапсырыс беруші үшін қызметтер» бөлімі бойынша ЕРС-мердігерлермен арадағы жұмыс бойынша бизнесті қолдау блогының жақсы нәтижелерін атап өтті»: «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлерін кеңседе және трассада арнайы киіммен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, құрылыс объектілеріндегі техникалық блок өкілдерін компьютерлік техникамен және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету жүзеге асырылды, «Ақсуат», «Сексеуілді» және «Бозой» вахталық кенттері үшін жиһаз және жабдықтар тізімін бекіту жұмыстары басталды.

Серіктестіктің Қызылорда қаласы Өкілдігінің директоры Серіктестік Бас директоры Серік Естаймен бірлесе отырып Сексеуілді, Ақсуат, Қараөзек, Бозой кенттерінде жөндеу-пайдалану учаскелерін аралап, Мердігерлермен бірқатар кездесулер өткізді. Сонымен қатар, аталған Өкілдік мамандарымен бірқатар мәселелер, атап айтақанда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С. С. Қожаниязовпен және  жер ресурстарын басқару Комитетімен ТОБЖ құрылысына жер бөлу бойынша мәселелер келісілді және шешілді.

Астана қаласындағы Өкілдік Инвестициялар жөніндегі Комитетте Серіктестік қызметкерлерінің визаларын алу жөніндегі мәселелерді шешуге, сондай-ақ Серіктестік Бас директорының төрағалығымен «Қараөзек» КС құрылыс мәселелері жөніндегі кеңес хаттамасына қол қоюға жәрдем көрсетеді.

news_041016_2

Б.Ә. Суанбеков атап өткендей, «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС қызметкерлердің ұйымшылдық сезімін дамытуды көздейтін бірыңғай корпоративтік мәдениетті белсенді дамытады. Осылайша, бірінші жарты жылдықта Наурыз мейрамына, Халықаралық әйелдер күніне арналған корпоративтік іс-шаралар өткізілді, Серіктестік қызметкерлері «Қызылорда» МГҚБ директорының бірінші орынбасары Т. С. Қожаниязовты еске алуға арналған Қызылорда облысының мұнай –газ саласының командалары арасында шағын – футбол турниріне, сондай-ақ «Алматы» командасының құрамында – «ҚазТрансГаз» АҚ Спартакиадасына қатысты.

Серіктестік барлық қажетті тауарлық-материалдық құндылықтармен, байланыс және интернет қызметтерімен, автокөлікті пайдаланумен үздіксіз қамтамасыз етіледі. Серіктестіктің көлік шығындарын азайту, қозғалыс құралдарын үздіксіз бақылауды жүзеге асыру және штаттан тыс жағдайларға жедел ден қою мақсатында барлық автокөлік құралдарына GPS-трекерлер орнатылды. Серіктестік жүргізушілерімен қауіпсіздік бойынша күнделікті нұсқаулықтар жүргізіледі.

news_041016_3

Б. Ә. Суанбеков екінші жартыжылдыққа арналған негізгі міндеттердің ішінде – Бозой, Сексеуілді, Ақсуат, Шорнақ, Қараөзек кенттерін жабдықтау; мұнай-газ қызметкері күніне және Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу күніне арналған корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру; «Бозой» КС Салтанатты іске қосу рәсімі; Серіктестіктің ішкі порталы мен веб-сайтын жаңғырту; диспетчерлік жабдықтарды сатып алу мәселелерін атап өтті.

Есептік кездесуді қорытындылай келе, Б. Ә. Суанбеков ұжымға адал еңбегі үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жұмыста табыс тіледі.

Leave a Reply

antalya escort escort antalya sex hikaye erotik hikaye porno hikaye ensest hikaye