«ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы қызметінің алдын ала қорытындысы шығарылды.
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
Астана қ. |
17 қаңтар 2019 ж. |
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың қорытындысы бойынша негізгі қызмет түрлерінің көрсеткіштерін елеулі ұлғайтты.
Жедел деректерге сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылғы шоғырландырылған табысы 1 трлн. 061 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда, 398,9 млрд. теңгеге немесе 60 % артық. Ұлттық оператор құрамындағы компаниялар тобының салық салынғанға дейінгі шоғырландырылған пайдасы 201 млрд. теңгені құрады, ол 2017 жылғы көрсеткіштен 102 млрд. теңгеге немесе 103% артық.
Алынған пайда Ұлттық операторға ішкі нарықтағы газ бағасының өсіп кетпеуін тежеп тұруға және қазақстандық газ тұтынушыларын субсидиялауға (ішкі нарыққа газ сатудан келген шығын 2018 жылы 36 млрд. теңгені құрады), сондай-ақ 573 млрд. теңге мөлшеріндегі кредиттік портфельге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
2018 жылы «ҚазТрансГаз» АҚ бюджетке төленетін салықтар мен басқа да төлемдер үшін 99,5 млрд. теңгеден астам сома төледі, осылайша еліміздегі ең ірі салық төлеуші компаниялар қатарынан табылып отыр.
Есепті кезеңде газ өткізу көлемі 22,9 млрд. текше метрді құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 5,2 млрд. текше метрге немесе 29% артық. Бұл ретте, 2018 жылы Қытай Халық Республикасына газды экспортқа жеткізу туралы жасалған шарт, мерзімінен бұрын және толық көлемде орындалды.
Магистральдық тасымалдау көлемі 111,9 млрд. текше метрді құрайды, ол 2017 жылдың көрсеткішіне қарағанда, 11 млрд. текше метрге немесе 11% артық.
“ҚазТрансГаз” АҚ – Қазақстанның газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор. «ҚазТрансГаз” АҚ компаниялар тобының құрамына газ өндіруші, тасымалдаушы және өткізуші және оның өнімдерін қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
“ҚазТрансГаз” АҚ Баспасөз қызметі,
байл. тел: +7(7172)-55 23 16