«Жеке қажеттілікке арналған табиғи газ шығысының нормаларын есептеу және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының бойымен газ тасымалдау кезіндегі шығындарды анықтау әдістемесі» ұйымның стандартын әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша ашық тендер туралы хабарландырую

  +  70  =  74

«Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС «Жеке қажеттілікке арналған табиғи газ шығысының нормаларын есептеу және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбырының бойымен газ тасымалдау кезіндегі шығындарды анықтау әдістемесі» ұйымның стандартын әзірлеу жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша ашық тендердің өткізілетіні жөнінде хабарлайды (Сатып алынатын қызметтердің толық тізімі, нақты сипаттамасы, қызмет көрсету орны мен талап етілген мерзімі тендер құжаттамасында көрсетілген).

Тендерге тендерлік құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін, тілек білдірген барлық ықтимал жабдықтаушылар жіберіледі.

Тендерлік құжаттама пакетін 2017 жылғы 3 шілде күні (қоса есептегенде), сағат 18.30 дейін, 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, № 503 кабинеттен, демалыс пен мереке күндерінен басқа күндері, Алматы уақыты бойынша сағат 09:00 дан 18:30 дейін (13:00-14:30 аралығында түскі үзіліс) алуға болады.

Тендерлік құжаттама пакетін алу және/немесе тендерлік өтінімді тапсыру үшін Тендерлік құжаттаманы алу және тендерлік өтінімді беру бойынша ықтимал жабдықтаушы өкілінің сенімхатын (түпнұсқа) ұсыну қажет.

Берілген тендерлік құжаттаманың есеп журналына тіркелген ықтимал жабдықтаушылардың тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінімдерін конвертке салынған түрде, ықтимал жабдықтаушылар «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, мына мекен-жай бойынша: 050000, Қазақстан Республикасы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, 503 кабинетке ұсынады (жібереді).

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2017 жылғы 4 шілде күні, сағат 10.00 дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2017 жылғы 4 шілде күні, сағат 12.00 келесі мекен- жай бойынша ашылады: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 96/98 үй, № 502 каб. Ықтимал жабдықтаушылар тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашуға қатыса алады.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 330-66-58 телефоны арқылы алуға болады.

Проект договора.pdf

Тендерная документация.pdf

Техническая спецификая.pdf

Файлды тек тіркелген қолданушылар көре алады.